ЖОБА
31
мақсатымен өткізеді. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация үдерісінің төрағасы ретінде
пән мұғалімі немесе пән бірлестігінің жетекшісі бола алады.
Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша модерация
Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы белгіленген тәртіп
бойынша өткізіледі. Мұғалім:
Модерацияға дейін:
•
Оқушының жиынтық бағалау жұмысы балл қою кестесіне сәйкес
бағаланады
•
Балдар қарындашпен қойылады.
•
Жұмыс үлгілерін іріктейді.
•
Оқушылардың жұмыстарының көшірмелерін немесе шифрлы
жұмыстарды дайындайды.
Модерация кезінде:
•
Жұмыстың нәтижесін әріптестермен бірге талқылайды және барлығы
балл қою кестесін бірдей түсінетініне көз жеткізеді.
•
Нәтижеге немесе балл қою кестесіне қажет жағдайда өзгерістер
енгізеді.
•
Жұмыс үлгісіне балды қаламмен қояды.
•
Хаттамаға қол қояды.
Модерациядан кейін:
•
Модерация қорытындысы бойынша жиынтық жұмысын бағалауда
балдың арту не кему жағына қарай өзгеру мүмкіндігін қарастырады.
•
Қорытынды балл қаламмен қойылады.
Модерация үдерісінің тиімді өтуіне маңызды шарттар ретінде
төмендегілерді ескерген дұрыс: өзара ынтымастық мәдениетін сақтау, ашық
және шынайы қарым-қатынас орнату, конструктивті түрде кері байланыс
әрекетін жасай білу және кәсіби қолдау.
Достарыңызбен бөлісу: |