Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым Министрлігі М. Əуезов Атындағы



Pdf көрінісі
Дата04.01.2022
өлшемі74,29 Kb.
#109089
түріРеферат
Байланысты:
Қалмахан Айдана Абай



Қазақстан Республикасы Білім жəне 

Ғылым 

Министрлігі М. Əуезов Атындағы 

Оңтүстік 

Қазақстан Университеті «ФИЗИКА» 

Кафедрасы 

 

 

 



                     РЕФЕРАТ  

 

Тақырыбы: Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тəрбиесі 



   

 

 



 

 

 



Дайындаған: Қалмахан Айдана  .  

Группа:ЕП-20-3К5. 

Қабылдаған: Ауелова Қымбат. 



       Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: 

бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты 

қорғау həм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің 

тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. 

Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл əлемнің 

болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ə.Назарбаев айтпақшы 

адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш 

фактор. Мұның ішінде, əсіресе «руханият» ең маңыздысы. 

Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. 

Жалпы əлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең 

алдымен тəлім-тəрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, 

болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. 

Өйткені тəлім-тəрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам 

өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, əлемнің 

екінші ұстазы Əл-Фарабидің де «Тəрбиесіз берілген білім – 

адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ 

тəрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы 

тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай 

Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше 

тəрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, 

жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен 

толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның 

барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. 

Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. 

Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тəрбиелік мəні зор. 

Əйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын 

бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана 

қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, 

өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы 

ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. 

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері 

жоғарғы ілім – білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, 

мақтаншақтық, мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» 

деген сөз ұғымдарының мəнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» 

Абай: «Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол 

əңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс – алды тірлік» дейді. Жанын 

қорғалап, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет 

қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде əлгі 

айтылған ырысқа дұшпан болады..... 



«Кеселді жалқау, қылжақ бас, 

Əзір тамақ, əзір ас, 

Сыртың пысық, ішің нас, 

   Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да 

Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», -дейді. Ұлы ақын 

осы пікірін өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де 

толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар- намысын сату, бірінің 

үстінен бірі арыз беріп, жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы 

тəрізді мінездердің бəрі де надандықтан қашық болуға 

тəрбиелейді. Бұл əңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек 

ұрпақ үшін құндылығы да осында. 

   Өзінің өлеңдеріндегі тəрізді қара сөздерінде де ұрлық, 

парақорлық, пəлеқорлық, мансапқорлық, тағы басқалар елдің 

ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, «Қырық бірінші 

сөзінде» ұлы ақын екі нəрсені ұсынады: біріншісі – «Бек зор 

үкімет», екіншісі – қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, 

қыздарын еріксіз түрде мектепке беріп, оларды ғылымның əр 

саласынан мамандандырып, ой-санасын жаңаша тəрбиелеп, 

бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгеше наным-сенімдегі 

адамдар етіп тəрбиелесе, сонда ғана елдің түзелетінін айтқан. 

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға 

арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын 

жұмыстарын айта келіп, əр қайсысы өзін бірінші орынға қойып, 

таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де 

жақсылы, жаманды қасиеттерін дəл сипаттап, əділ сынайды. 

Жеке –жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды 

қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер 

үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға 

ғалым. Демек Абай жүректі, яғни адам-адамды сүю, адам үшін 

қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, 

Абайша да ең идеал нəрсе –осы айтқанымдай табылса, 

табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - 

дейді. 

Тап осы тəрізді, тағы бір үлкен адамгершілік мəселесін 

қозғайтын шығармасы –«Отыз алтыншы сөзі». Қара сөз туралы. 

Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят жəне 

оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық 



дəуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі – жасықтық, 

ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нəрседен ұялу – 

ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мəніндегі ұят қандай 

болу керек деген сұраққа жауап береді. 

«Ұят деген –адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді 

ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол 

уақытта тілге сөзге де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің 

жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит 

боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нəрсені көрмейді. 

Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки 

оның үстіне тағы аямай өртендіріп, сөз айтқан кісінің өзінің 

деадамшылығы жоқ десе болар», - дейді. 

«Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан 

даұятқа үлкен мəн бергенін көреміз. Сондықтан ұлы ақынымыз 

Абай да бұл мəселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-

ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі 

таңда да тəрбиелік мəні зор. 

Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» 

деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің 

санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада 

сəулеленуі нəтижесінде пайда болатын ғылым, білімнің 

жинақталған қоры ретінде қарайды. 

Осы себептен де Абай: «...құмарланып, жиған қазынамызды 

көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп қайыра түсінік 

беріп отыр...Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы. 

Абайдай ұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты 

адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз 

ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын 

сіңіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр 

алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр. 

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай 

мақтанба» т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы 

туралы» ұғымды өз заманының тұрғысынан келіп, «адам болу» 

үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам 

болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының 

тезисін ұсынады. Онысы: 

Адам болам десеңіз... 



Бес нəрседен қашық бол...,- 

Бес нəрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр. 

Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта 

өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани 

қазынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы 

пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. 

Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда 

болуы күнделікті өмір тəжірбиесінің нəтижесінен ғана 

туындайтын табиғи құбылыс. Сондықтан да Абай «Он 

тоғызыншы сөзінде»: 

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, 

татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, 

сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. 

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті 

болады. Сол естілерден есітіп білген жақсы нəрселерді 

ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда 

адам десе болады», - деп жоғарыдағы өлең үзіндісіндегі ойын 

осы сөзінде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге 

болады. 

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 

дəуірінде айтып кеткен атама сөздерінің əлі күнге дейін өз 

өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, 

тəрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, 

адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның 

халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы - халықтың 

сарқылмас асыл қазынасы. Əр қазақта тəлім алар ғибратты 



сөздер көп болғай. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет