Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы


-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер



Pdf көрінісі
бет42/61
Дата06.01.2022
өлшемі208,07 Kb.
#110089
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Байланысты:
zakon rk ot 27.07.2007 no 319-III kaz

      46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер

      Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан

Республикасының 

 сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.

заңнамасына

      47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары,

              міндеттері мен жауапкершілігі

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және

білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.




      2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.

      Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, студенттер, магистранттар, адъюнкттар, интерндер,

курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар жатады.

      Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші

адамдар жатады.

      3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

      2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру

стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары

бойынша оқуға;

      3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

      4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді

ақылы негізде алуға;

      5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

      6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы

негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына

ауысуға;

      7) білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен,

оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

      8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай

туралы ақпарат алуға;

      10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

      11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

      12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы

алуға құқығы бар.

      4. Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру

ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:




      1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа)

жеңілдікпен жол жүруге;

      2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;

      3) Қазақстан Республикасының 

 сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге

заңнамасына

қалдыруға құқығы бар.

      5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық

 берілуі мүмкін.

демалыс


      6. Азаматтар бітірген білім беру ұйымдарының меншік нысандарын қарамастан, келесі

деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.

      

және


6-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» 

халықаралық мектептерді

 бітіргеннен кейін білім туралы құжат алған адамдарға білім беру

гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы

сертификаттар береді. Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін

шәкіл бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру арқылы белгіленеді.

      6-2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар

конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін

пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының

(ғылыми жарыстардың) қатысушылары (ерекше үлгідегі аттестат және "Алтын белгі" белгісін алуға

үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті орган қорытынды бағаларды

сертификаттар баллына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері туралы

сертификаттар алады. Білім алушының жылдық бағаларын сертификаттар баллына ауыстыруға арналған

шәкілді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы

бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге,

магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық

 тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны

бөлімдерінің

тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі 

.

бекітеді


      Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындарының неғұрлым дарынды магистранттарына және

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына

жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.

      Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың,

сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "үздік" деген бағаға ғана оқитын

студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары

мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.

      Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың

күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.

      Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар

мен тұлғалар айқындайды.



      8. 

Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 

№ 487-ІV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк

он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру

ұйымдары өздері белгілеген тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.

      10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.

      11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру

ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.

      12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының 

 сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.

заңнамасына

      13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін ұйымдарда

мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде

қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде 

 құқығы


жеңілдікпен жол жүруге

бар.


      14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті

меңгеруге, ішкі тәртіп 

 сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру

ережелерін

қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

      15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және

тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.

      15-1. Білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті.

      16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін,

өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

      17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтік,

медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан

шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргенннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру

ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын

мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария

ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша

білім алушы азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі 

 тәртіппен мемлекеттік білім

айқындайтын

беру ұйымдарында және мемлекеттік медицина ұйымдарында жұмысты өтеуге міндетті.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша

докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргенннен кейін жоғары оқу орындарында немесе

ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.

      Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе

жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың



сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган сенім білдірген

агентке жүктеледі.

      17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа

бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:

      1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде немесе оған жақын орналасқан елді

мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;

      2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де І және ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын

адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде қорғаншылар және қамқоршылар тұрақты

тұрғындар болып табылатын адамдар.

      17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас

мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:

      1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде не жақын

орналасқан елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;

      2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;

      3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға;

      4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі

баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.

      17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың

17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:

      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

      2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;

      3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;

      4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен

босатылуына байланысты басталады.

      17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың

17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің

оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.

      18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру

ұйымының ішкі тәртібінің 

 және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не

ережелерімен

білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.

      

Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.19 



N 395-IV

 (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 

№ 487-ІV


(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),

2012.01.09 

№ 535-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет