5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
Білім беру саласындағы
мынадай өкілеттіктерді орындайды:
уәкілетті орган
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
сақтауды қамтамасыз етеді;
2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық
үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық
бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2-1) магистратурада және докторантурада мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандарды
даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және
жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің
тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз
етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу
бекітеді;
ережелерін
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін
әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, білім берудің барлық деңгейінің үлгілік білім беретін оқу
бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;
6-1) медициналық, фармацевтік және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарын келіседі;
7)
алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер
мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастырады және
;
бекітеді
8) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске
асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша
кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде
мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға береді;
9) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
берудің;
арнайы және мамандандырылған білім берудің;
балаларға арналған қосымша білім берудің;
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтiк бiлiм
берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк
аттестаттаудан
;
өткiзедi
9-1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске
енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындайды;
10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын
талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған аккредиттеу
органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының
тізілімін қалыптастырады;
11)
оқу
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін
бағдарламаларын,
,
,
және
техникалық және кәсіптік
орта білімнен кейінгі
жоғары
жоғары оқу орнынан
білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
кейінгі
қабылдаудың үлгілік ережелерін әзірлейді;
12) Ұлттық бірыңғай тестілеуді және
өткізу қағидаларын әзірлейді және
кешенді тестілеуді
;
бекітеді
13) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен
және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптік оқу
бағдарламаларының түрлері бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін
айқындайды және кәсіптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекітеді;
14) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру
ұйымдарында оқу жылының басталу және
;
аяқталу мерзімін айқындайды
15) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін
кәсіптер мен мамандықтардың
белгілейді және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында
тізбесін
экстернат нысанында оқытуға рұқсат
;
береді
16) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта
қабылдаудың
әзірлейді;
ережелерін
17) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің тәртібін
әзірлейді;
18)
алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау
өткізудің
бекітеді;
үлгілік ережелерін
20) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек
кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру
әзірлейді және бекітеді;
қағидаларын
21) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
белгілейді;
тәртібін
22) білім және (немесе) біліктілік туралы
бланкілеріне
мемлекеттік үлгідегі құжаттардың
тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды
әзірлейді және бекітеді және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың
әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын
нысанын
талаптарды
айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама
бекітеді;
нысанын
24) білім беру қызметтерін көрсетудің
және кәсіптік практикадан өткізуге
үлгілік шартының
арналған
нысандарын бекітеді;
үлгілік шарт
25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және
жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың және
жүзеге асырудың
, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
ережелерін
бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін
қағидаларын
ұйымдастырудың
әзірлейді;
қағидаларын
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін
ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және
;
бекітеді
25-2) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары бойынша оқу-әдістемелік
бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;
26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес
шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен
қамтамасыз етеді;
26-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастырады және
;
бекітеді
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға
сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру
әзірлейді әрі бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады;
қағидаларын
27-1) бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк
кешендерiнің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық
жеткiзгiштердегі тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім
беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар
конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын
ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және
;
бекітеді
29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен
ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік
конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және
;
бекітеді
30) ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен
қаржыландыруды жүзеге асырады;
31) ведомстволық бағыныстағы білім беру мекемелерінің жарғыларын бекітеді;
32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік
құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
33)
алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
35) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін
лауазымдарға конкурстық тағайындау
әзірлейді;
ережелерін
36-1) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған
профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
37) педагог қызметкерлерді аттестаттау
бекітеді;
ережелерін
38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
39) салалық
жүйесін әзірлейді және бекітеді;
көтермелеу
40) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде білім беру
саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға
қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерін
белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;
41) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін
әзірлейді, бекітеді және
;
белгілейді
42)
алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
43) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын
дайындық бөлімдеріне
әзірлейді және бекітеді;
44) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған
бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар
береді;
44-1) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу
бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44-2) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
44-3) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын
әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
44-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және
тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды
;
бекітеді
44-5) білім беру ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде
шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын бекітеді;
44-6) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесін
қалыптастырады және бекітеді;
45) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан
Республикасының
сәйкес ведомстволық есептіліктің,
нысандарын,
Заңына
тексеру парақтарының
тәуекел дәрежесін
, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және
бағалау критерийлерін
бекітеді;
45-1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын
әзірлеуді ұйымдастырады және
;
бекітеді
45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізіліміндегі мәліметтерді алады;
45-3) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және
;
бекітеді
46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке
толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;
46-1) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-2) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру
қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-3) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді
ұйымдастырады және бекітеді;
46-4) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз етудің қағидаларын әзірлеуді
ұйымдастырады және бекітеді;
46-5) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-6) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау
тетігін әзірлейді және бекітеді;
46-7) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлейді және
бекітеді;
46-8) университеттік интернет-ресустарға қойылатын талаптарды айқындайды және бекітеді;
46-9) мектеп-интернаттарға, бейіндік мектептерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеуді
ұйымдастырады және бекітеді;
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.17
N 188-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2010.03.19
№ 258-IV
2010.12.29
N 372-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24
№ 487-ІV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |