Жиынтық бағалауға арналған


Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата11.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#111186
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
ОШ СОр Қазақ тілі Т1 7-сынып

Мәтінді мұқият оқыпкесте бойынша салыстырыңыз. 

 

А мәтіні 

Домбыра туралы аңыз 

       


Домбыра  аспабының  қалай  пайда  болғаны  жайлы  аңыз  әңгімелер  аса  мол. 

А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның 

бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баян-

дауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.  

      Ертеде  биік  таудың  қиясын  тұрақ  еткен,  бұғы-маралды  аулап  азық  етіп  күнін  көрген 

бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып 

алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар 

өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге 

соқса,  құлағына  бір  ызыңдаған  дауыс  естіледі.  Барлап  қараса,  өткенде  атқан  маралдың 

ішегін  қарға-құзғын  іліп  ұшқан  болу  керек,  қарағайдың  бұтағына  қос  тін  болып  керіліп 

қалғанын  көреді.  Ызыңдаған  дыбыстың  сол  ішектен  шығып  тұрғанын  аңғарады. 

Қарағайдың  бұтақтарына  керіле  кепкен  ішекті  сәл  ғана  жел  тербесе  ызыңдап,  жанға 

жайлы  дыбыс  шығарады.  Бірде  уілдеп,  бірде  сарнап,  енді  бірде  сыңсып  жылағандай 

болып,  аңшы  жігітті  алуан  түрлі  күйге  түсіреді.  Сол  жерде  аңшы  жігіт  қой  мына  қос 

ішекке  тіл  бітейін  деп  тұр  екен,  бір  амал  жасайын  деп,  ішекті  үйге  алып  келеді  де,  бір 

аспап  жасап,  соған  қос  ішекті  тағады.  Содан  тартып  көрсе,  шынында  да  қос  ішекке  тіл 

біткендей  сұңқылдап  қоя  береді.  Бұл  үн  жігіттің  ғана  жанын  жадыратып  қоймайды, 

тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына 

айналады.  

http://akikat.kazgazeta.kz/?p=6085

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет