Лабораториялық жұмыс №4. Желілік сервистерді баптау (настройка)



Pdf көрінісі
Дата15.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#111854
түріҚұрамы
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс 4



Лабораториялық жұмыс №4. Желілік сервистерді баптау (настройка).  

 

Cisco  Packet  Tracer  эмуляторы  HTTP,  DHCP,  TFTP,  DNS,  NTP,  EMAIL,  ftp 

сияқты  желілік  сервистерді  (қызметтерді)  желі  серверінің  құрамында  баптауға 

мүмкіндік береді. Солардың кейбірін орнатуды қарастырайық. 



 

1 суретте көрсетілгендей желінің келесі сызбасын құрыңыз.  

 

Сурет 1 – Желі сызбасы 



 

Тапсырма: 

Желіні келесідей баптаңыз:  

1 - Server1 – DNS және Web сервер;  

2 - Server2 – DHCP сервер; 

3  -  ПК1 компьютері TCP/IP протокол параметрлерін DHCP  серверден алады 

және Server1-де 

www.rambler.ru

 сайтын ашады. 

 

1.



 

Кезең 

TCP/IP протокол параметрлерін ПK1 және серверлерге орнатыңыз. 

 

ПK1  конфигурациясына  кіріп,  DHCP  сервері  арқылы  IP  баптауларын 



орнатыңыз (сурет 2). 

 

 



 

Сурет 2  – ПК1-де IP баптау 




Серверлер конфигурациясында келесі IP баптауларын орнатыңыз: 

Server1: IP адрес – 10.0.0.1, ішкі желі маскасы (маска подсети) – 

255.0.0.0  

Server2: IP адрес – 10.0.0.2, ішкі желі маскасы (маска подсети – 

255.0.0.0 

 

2. Кезең

 Server1-де DNS қызметін орнатыңыз. 

 

Ол үшін Server 1 конфигурациясында DNS бетіне кіріп, тікелей DNS 



аймағында екі ресурстық жазбаны орнатыңыз: 

 

1 – А типті ресурстық жазбада компьютердің домендік атауын оның IP 



мекен-жайымен байланыстырыңыз және ДОБАВИТЬ батырмасын 

басыңыз (сурет 3):  

 

Сурет 3 –  А типті ресурстық жазбаны енгізу 



 

2

 



– CNAME типті ресурстық жазбада сайттың лақап атын (псевдоним) 

компьютермен байланыстырыңыз (сурет 4): 

 

 

 



Сурет 4 –  CNAME типті ресурстық жазбасын енгізу. 


 

Server  1  конфигурациясында  HTTP  бетіне  кіріп, 

WWW.RAMBLER.RU 

сайттың бастапқы бетін орнатыңыз (сурет 5): 

 

Сурет 5 – Сайттың бастапқы беті 



 

Server1 - де командалық жолды қосып, DNS қызметінің жұмысын 

тексеріңіз. Сервердің тікелей DNS аймағын тексеру үшін келесі команданы 

енгізіңіз 

 

SERVER>


nslookup www.rambler.ru 

 

Егер бәрі дұрыс болған жағдайда, сіз 6 суретте көрсетілгендей DNS 

сервердің желідегі толық домендік аты мен оның IP адресін көре аласыз.  

 

 



Сурет 6 – Тікелей DNS аймағын тексеру 

 

3 Кезең.

 Server2-де DHCP қызметін орнатыңыз. 

 

Ол  үшін  Server  2  конфигурациясына  кіріп,  DHCP  қойындысында 




қызметті теңшеңіз (сурет.3.7): 

Ол үшін Server2 конфигурациясына кіріп, DHCP бетінде қызметті баптаңыз 

(сурет 7). 

 

 



Сурет 7 – DHCP серверін баптау 

4 Кезең.

 Клиент жұмысын тексеру. 

ПK1  хост  конфигурациясына  жұмыс  үстеліне  кіріңіз  және  командалық 

жолда TCP/IP хаттамасын конфигурациялаңыз. 

 

PC>


ipconfig /release 

 

командасымен IP адрестің ескі параметрлерін арылтса (сброс), ал  



 

PC>


ipconfig /renew 

 

командасымен DHCP серверден жаңа параметрлерді алуға болады (сурет 

8).  

 

 



 

Сурет 8 –  Клиенттің TCP/IP хаттамасының конфигурациясы 




Клиенттің браузерінде 

WWW.RAMBLER.RU

  сайтын ашыңыз (сурет 9): 

 

 



Сурет 9 – Клиенттің жұмысын тексеру 

 

Бақылау сұрақтары. 



1.

 

DNS  рекурсивті  сұратым  (запрос)  дегеніміз  не  және  оның  жұмыс 



схемасы қандай? 

2.

 



DNS  тікелей  және  кері  аймақтарындағы  ресурстық  жазбалар 

типтерінің қызметтерін көрсетіңіз 

3.

 

DNS  серверде  пакеттердің  басқа  DNS  серверлерге  жіберуін  қалай 



баптайды? 

4.

 



DHCP қызметінің жұмысын сипаттаңыз. 

5.

 



DHCP клиенті қалай бапталады? 

6.

 



Корпоративтік желідегі DNS сервердің кері аймақтарының құрамы 

қалай анықталады 

7.

 

Cisco Paket Tracer бағдарламасында DNS қызметін баптауды көрсетіңіз  



8.

 

Cisco  Paket  Tracer  бағдарламасында  DHCP  қызметін  баптауды 



көрсетіңіз  

9.

 



Cisco Paket Tracer бағдарламасында FTP қызметін баптауды көрсетіңіз  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет