ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013
«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым
56 беттің 11 беті
1 Информатика. Базовый курс. / Симонович С.В. и др. СПб.: «Питер»,
2000. – 640 с.
2 Дәріс
Тақырып.
AutoCAD жүйесінде сызбаны ұйымдастыру құралдары
Сұрақтар
1
Координаттар жүйелері және өлшем бірліктері.
2
Графиктік примитивтер мен қабаттар.
3
Командаларды енгізу
Координаттар жүйесі – бас нүктесі және онымен байланысты объектінің
кеңістікте алатын орнын анықтауға арналған осьтері бар жүйе.
AutoCAD пакетінде – үшөлшемді, тікбұрышты координаталар жүйесі
қолданылады. Осы стандартты жүйені қолданған кезде нүкте үшөлшемді
кеңістікте қашықтықты және үш ортоганальді осьтер бойынша санақтың
басынан бағытты таңдап алу бойынша орын ауыстырады. Координаттар
жүйесін анықтау пайдаанылған өлшем бірліктерге тәуелсіз болады. Санақ басы
нүктесінде жорамалданады. Абсцисса және ордината осьтері AutoCAD
терезесінің сол жақ төменгі бұрышында орналасқан пиктограмманың
координат бағытына сәйкес келеді. Z осьі монитордың экран жазықтығынан
пайдаланушыға бағытталады
AutoCAD бағдарламасында екі жүйе қолданылады: әлемдік координата
жүйесі (ӘКЖ) және орын ауыстыратын пайдаланушының координата жүйесі
(ПКЖ).
Пайдаланушы анықтайтын ПКЖ-ні геометрия модельдерін салу кезінде
ыңғайлы болу үшін қолданылады. Бір сызбада ПКЖ-нің
пройзволді
мөлшерін
құрып және сақтауға болады. ПКЖ –імен жұмыс жасау кезінде әлемдік
координаталарды қолдану керек болса, онда координаттар алдында *
символын енгізу керек.
AutoCAD жүйесінде пайдаланушы профессионалды сала облысында
қабылданған: миллиметр, метр, километр, дюйма сияқты сызықты өлшем
бірліктерді таңдайды.Осылайша, пакетпен жұмыс істеген кезде AutoCAD-тың
графикалық терезесі өлшемсіз және ондағы бұйымдар табиғи өлшеміне сәйкес
сызылады деп есептеуге болады. Экран мониторының жұмыс аймағында
арақашықтық шартты өлшемдермен: толық, затты, экспоненциальды және
бөлшек түрінде өлшенеді.
Бұрыштық өлшемдер AutoCAD бағдарламасында, әдетте, градус және
градус үлесі ретінде анықталынады. Алдынғы жағдай сияқты пайдаланушы
басқа да бұрыштық өлшем бірліктерге таңдау жасайды: радиан, град немесе
|