«техникалық физиканың машиналық графика элементтері» ПӘні бойынша



Pdf көрінісі
бет8/62
Дата15.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#111954
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Байланысты:
9282 (1)

ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 9 беті 

 

 



Растрлық  кескіндердің  тағы  бір  кемшілігі  –  файлдар  өлшемдерінің  өте 

үлкендігінде  (түстері  неғұрлым  көп  және  сапасы  жоғары  болған  сайын,  олар 

соғұрлым үлкен болады).  

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары 

сапалы  кескін  алуға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  растрлық  кескіндер  көркем 

графикада кеңінен қолданылады.      

Растрлық 

графика 


электронды 

(мультимедиалық) 

және 

полиграфиялық 



басылымдарды  жасап  шығару  үшін  де  жиі 

қолдылады. 

Растрлық 

графикалық 

редакторлар  көбінесе  жаңа  суреттерді  салу 

үшін  емес,  дайын  суреттерді  өңдеу  үшін 

қолданылады. 

Осы 


мақсатта 

көбінесе 

суретшілердің  қолымен  салынған  дайын 

суреттер 

сканерленіп 

алады 


немесе 

фотосуреттер 

алынады. 

Соңғы 


кездері 

растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін 

сандық  фотокамералар  мен  видеокамералар 

кеңінен қолданылуда.  

 

 

Векторлық  кескіндер,  бұл  -  сызық,  доға,  шеңбер  және  тікбұрыш  сияқты 



геометриялық  объектілер  жинағынан  тұратын  кескіндер.  Бұл  жерде  вектор 

дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.  

Векторлық  графиканың  басты  артықшылығы  оған  кескін  сапасын 

жоғалтпай  өзгеріс  енгізуге,  оңай  кішірейтуге  және  үлкейтуге  болатындығы. 

Келесі  артықшылығы  -  векторлық  кескіндердің  ақпараттық  көлемі  растрлық 

кескіндермен  салыстырғанда  әлдеқайда  аз  болады.  Векторлық  кескіндер 

СorelDRAW,  Adobe  illustrator,  Micrografx  Draw  секілді  векторлық  графикалық 

редакторларда жасалады.  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет