«техникалық физиканың машиналық графика элементтері» ПӘні бойынша



Pdf көрінісі
бет4/62
Дата15.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#111954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
9282 (1)

ПОӘК 042-14-1-05.1.20.43/03-2013 

«18» қыркүйек 2013 ж. №1 басылым 

 

56 беттің 5 беті 

 

 



         2  ДӘРІСТЕР 

 

Дәрістер


 

–  бұл  оқулық  сабақтарының  түрі,  оның  мақсаты  тәртібі  ойша 

сақталып пәннің түсіндірілетін теориялық сұрақтарын қарастырудан тұрады. 

 

1 Дәріс 

 

Тақырып. 



Кіріспе. Графиктік мәліметтердің негізгі берілулері 

 

Сұрақтар 

1

 



Машиналық  графикаға  кіріспе.  Компьютерлік  графика  түрлері. 

Растрлық графика. Векторлық графика. Фрактальдық графика. 

2

 

Үшөлшемді  графиканың  негізгі  ұғымдары.  Графиктік  мәліметтер 



форматтары.  

3

 



Түс ұғымы. Түсті сипаттау тәсілдері. Түсті басқару жүйелері. 

 

Компьютерлік  графика  –  әр  түрлі  кескіндерді  (суреттерді,  сызбаларды, 



мультипликацияларды)  компьютердің  көмегімен  алуды  қарастыратын 

информатиканың маңызды саласы.   

Дербес  компьютерді  пайдаланушылардың  қатарында  компьютерлік 

графикамен  айналысатындардың  саны  күн  санап  артып  келеді.  Қазіргі  кез-

келген  мекемеде  кей  уақытта  газеттер  мен  журналдарға  жарнамаларға 

тапсырыс  беру  немесе  жарнамалық  парақшалар  мен  буклеттер  басып  шығару 

қажеттілігі  туындайды.  Олардың  кейбіреулері  осындай  жұмыстарды  арнайы 

дизайнерлік  бюролар  мен  жарнамалық  агенттіктерге    тапсырса,  кейбіреулері 

қолда  бар  программалық  құралдарын  пайдаланып,  өз  күштерімен  жасауға 

тырысады.  

 Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз 

жұмыс  істемейді.  Статистикаға  сүйенсек,  жаппай  қолданыста    жүрген 

программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз 

жұмыстарының 90 % уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен.  

Графикалық  программаларды  кең  көлемде  қолдану  қажеттілігі 

Интернеттің  және  бірінші  кезекте  миллиондаған  интернет  парақтарын  бір 

«өрмекпен»  байланыстырған    World  Wide  Web  қызметінің    пайда  болуынан 

туындады.  Өйткені  компьютерлік  графикасыз  безендірілген  web-парақтың 

бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.  

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана 

емес,  ғылым  мен  медицинаның  барлық  саласында,  коммерциялық  және  

әкімшілік  қызмет  орындарында  алуан  түрлі  ақпаратты  көрнекі  түрде  көрсету 

үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады. 

Конструкторлар  автомобильдің  немесе  ұшақтың  жаңа  үлгілерін 

құрастырған  кезде  олардың  соңғы  көрінісін  алу  үшін  үшөлшемді  графикалық 

объектілерді  қолданады.  Архитекторлар  монитор  экранында  болашақ 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет