8
4) қоса тіркелген құжаттардың (егер олар қоса тіркелсе) скан-көшірмелері
мерзімі өтпеген және өтініште көрсетілген балаға берілген.
24. Мемлекеттік мәліметтер қорларына жүгіну арқылы енгізілген ЖСН-і
(Қазақстан Республикасы азаматының жеке сәйкестендіру нөмірі) бойынша
әрбір тіркелетін өтініш үшін кезекті басқару жүйесі өтініш беруші мен бала
туралы (тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда, туылған уақыты) тіркеу
мәліметтерін; туу туралы куәлігінің берілген күні мен нөмірі, мектепке дейінгі
ұйымға бірінші кезекте орын алуға құқығының бар немесе жоқ екендігі туралы
ақпаратты автоматты түрде толтырады.
25. Скан-көшірмелері қоса тіркелген өтініштер кезек әкімшісімен
тексеріледі (сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс орын алу
құқығына ие өтініштер), барлық қалған өтініштер кезекті басқару жүйесімен
автоматты түрде тіркеліп кезекке қойылады.
26. Егер осы ұстанымдардағы 23-тармақта көрсетілген талаптар бұзылса,
кезек әкімшісі міндетті түрде анықталған бұзушылықтарды көрсетіп өтініштерді
тіркеуден (кезекке қоюдан) бас тартады.
27. Кезекті басқару жүйесі кезектегі өтініштер нөмерлері мына
жағдайларда жаңартылады (қайта есептеу):
1) мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе алдыңғы кезекпен орын
алу құқығына ие жаңа өтініш түскенде;
2) тоқтату парағынан өтінішті кезекке қайтаруда;
3) мұрағаттан өтінішті кезекке қайтаруда;
4) бар өтініш өзгергенде, егер өтініш осындай өзгерістің нәтижесінде
мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте орын алу құқығын
алады немесе жоғалтады;
5) кезектен өтінішті алып тастау нәтижесінде: өтінішті қайтарып алу;
жолдаманы беру; өтінішті тоқтату парағына орналастыру; бала максималды
жасқа жеткенде өтінішті мұрағатқа орналастыру; өтініш берушінің мектепке
дейінгі ұйымға орын алуда қызығушылығы болмағанда.
28. Әрбір апта сайын кезекті басқару жүйесі сәйкес мемлекеттік
мәліметтер қорларына жүгіну жолымен автоматты түрде кезекте орналасқан
барлық өтініштерді мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші
кезекпен орын алу құқығының болуы немесе болмауын тексереді. Тексеру
барысында кезекті басқару жүйесі өтініштерге қажетті басымдықты
тағайындайды немесе одан шығарады және кезектегі өтініштердің орындарын
келесі қайта сұрыптауды жасайды.
28-1. Кезекті басқару жүйесі өтініш берушіге кезектегі нөмірі өзгергендегі
күні мен уақыты, нәтижесінде кезектегі нөмірінің өзгеру себептерін толық
сипаттап, кезектегі нөмірінің өзгеруіне себеп болған өтінішті көрсетіп, кезектің
ілгерілеу динамикасы туралы толық ақпарат береді.
Өтініш берушінің кезектегі нөмірінің өзгеру себебі кезекте басқа өтініш
берушілердің кіріс және шығыс өтініштерінің әсері болуы мүмкін (27-т.
9
қараңыз), сондай-ақ өтініш беруші өтінішінің кезекте жеңілдікпен орын алу
құқығының өзгеруі (28-т. қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: