Көз алмасының құрылысы:
1.
Шел –
көзді қорғайтын қатты қабық.
2. Мүйізгек қабығы –
түссіз үлдір (шелдің алдыңғы бөлігі).
3.
Сулы сұйықтық
мүйізгек қабық пен нұрлы қабық арасындағы камерада орналасқан.
4.
Нұрлы қабық
көз қарашығын кеңейтетін немесе тарылтатын бұлшықет, ол түске
боялған және көздің түсін анықтайды.
5.
Қарашық
– көздің ішіне өтетін жарықтың мөлшерін реттейтін диаметрі 2-8 мм көздегі
саңылау.
6. Көзбұршақ
– көздің артқы қабырғасын жабатын көз торында сәулелерді
шоғырландыратын жинақтау линзасы.
7. Көз торы
– суретті құрайтын көздің айналасы (көздің түбі). Көздің көру жүйкесінің
ұштары жарыққа сезімтал талшықты тармақтардан тұрады. Таяқшалар (130 млн) ақ-қара
сурет үшін, түтікшелер (7 млн) түрлі-түсті суреттер үшін жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: |