1-сұрақ. Қазақстанның аумағын ғылыми зерттеудің айқын себептері қандай?
XVII ғасырдың соңында Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картографиялық
мәліметтерді танымал орыс ғалымы С.Ремезов жинақтаған. Ғалым еңбегінің нәтижесі –
«Сібірдің сызба кітабы» болды, онда Қазақстанның аумағы туралы тарихи-географиялық
мәліметтер қамтылған. XVIII ғасырда І Петр Ресей мен Қазақстанның өзара байланысына
ерекше көңіл бөлген. Ол Қазақстанның жерін «барлық азиялық елдер мен мекендерге
апаратын кілт және қақпа» деп санады және оны Ресейге бағындыру жоспарын құрды.
Осыған байланысты патша Қазақстанға экспедиция ұйымдастырып, Каспий теңізі мен
Сібір аймақтарын зерттеуге қатысты тапсырма берген.
Достарыңызбен бөлісу: |