Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Абылайдың  мінгені  ыңғай  сары



Pdf көрінісі
бет20/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Абылайдың  мінгені  ыңғай  сары,

Айғайласып  келгеиде  ж ердің  тары.

Абылайды  сан  калмақ  камап  жатыр,

Туыңды  ала  шаба  гөр,  Малайсары,  —

дейтұғын  М алайсары осы кісі.  Балтакерей Тұрсы нбай, Тарақты   Байғозы, 

он сан Орта жүзге ұран болтан Олжабай,  Малай ж әдігерден Ж ауғаш ,  Би- 

ғаш, бөрі тонды борте атты, бөрі  бас Орманш ы  А қсары ,  Ш отана,  К озған  

Биікше мерген,  қарауылш ысы Әлтеке, Ж идебай, уак Сары,  Баян:

Ғакыл  тұрмас  кашкаида,

Д егбір  түрмас  сасканда,

Баяндай  ерді  көрмессің,

Бурылып  жауды  шанышканда...

делінген Баян батыр осы.  Бұл айтылған батырлардың бәрі де... қалмақты ң 

камалын бұзған батырлар.  Қ азакта К аракерей Қ абанбайдан асқан батыр 

ж оқ, Үйсін Төле биден асқан би ж оқ».200

Қ азақ шежірелері  қазіргі тарих ғылымына казақ жырлары мен толғау- 

лар ж анры нда кең көлемде деректем елер берді,  оларда  казақтар тарихы 

жөнінде  егж ей-тегж ейлі  мәліметтер  бар.  М әселен,  белгілілері:  Ш оқан 

У әлиханов  жазып  алған  «Абылай  туралы  жыр»,  К өкбай  ж азған  «Саба- 

лак»,  «Абылай  хан  әңгімесі»,  Олжабай  Н үралы ұлы ны ң «С абалак—А бы ­

лай хан» дастандары, М әш һүр Ж үсіп  Көпеевте «Абылай ханның ең алға- 

шкы  ауы зға  ілініп,  көзге түскені»,  «Абылай  аспас  А рқан ы ң   Сарыбелі». 

Оларда сол тарихи  заманның рухы, казак-ж оңғар,  казак-кы рғы з, баска да 

көрші  халы ктар  арасы ндағы   окиғалар,  әскери   ж ән е  дип лом ати ялы қ 

кары м -каты настар жайлы терең де көлемді  мәліметтер беріледі.  Б аты р­

лар жыры  циклында  «Бөгенбай  батыр», «Ер Ж әнібек» ж ы рлары   кеңінен 

мәлім,  оларда  орыс,  сон д ай -ак  қытай  деректем елерінен  мәлім  болтан 

окиталартарихи-көркем  стильде келтірілген.

Ал авторы мәлім жырлардың ішінен Казантап Байболовтың «Теле бидің 

тарихы» ерекш е есте каларлы к, онда Төле бидің генеалогиясы   мен оны ң 

кызметі туралы,  К азы бек би,  Әйтеке би туралы  деректер бар, со н д ай -ак 

Тәуке хан ж әне «Жеті Жаргының» жасалу тарихы туралы мәліметтер көп.

XVIII  тасырдагы  ауы зекі тарихи дәстүр түрлерін ің  бірі  — сол  кездегі 

әйгілі жыраулар суырыпсалып айткан к а з а к толтаулары. XVIII тасырдаты 

казак жыраулары  — Актамберді  жырау, Т әтікара акы н,  Үмбетей ж ы рау, 

Бұкар жырау,  Көтеш  акын, Ш ал акын — қ а зак  халкы ны ң ерлік кезең ін ін  

өкілдері болды ж ән е өз ш ытармаларымен  көш пелі  когам ны ң әлеум еттік 

идеологиясының калыптасуына жәрдемдесті.

Халыкка олар ерекш е тұлталар болып  көрінді, бұл шын мәнінде де со- 

лай еді, өйткені жыраулар көреген деп есептелді, оларды ң айтканы  кейде 

хан билігінен де жогары тұрды.  Олардың ш ытармаларында гасы рды ң аса

69



маңы зды   окиғалары  сөз етілді, аңы зға айналған тұлғалар, әскербасы лар 

ж ән е баскалар туралы айтылды.

Ақтамберді жырау (1675—1768) — жауға, жоңғар басқыншыларына карсы 

өліспей беріспейтін ш айқасқа ш ақырған халы қж арш ы сы , өз шығармала- 

рында ол  казак халкы ның бейбіт ж әне еркін өмір туралы, әлеуметтік кай- 

ш ы лы ктар ж ойы лы п. халы кты ң ізгі  үміті орындалатын  заман туралы ар- 

манын білдіреді.

Үмбетей жыраудың өмір сүрген  кезі  (1706—1778)  К азақ хандығының ең 

ауыр соғыс заманына, халыкарасында аталып кеткеніндей, жаугершілік за- 

манға  тұстас  келді.  Бұл  кездің  барлык  оқиғалары  жырларда,  толғауларда, 

жоктауларда, естіртулерде жырланған. Үмбетей батырлык өлендерінде ба- 

тырлардың кайраты мен ерлігін, халыктың елдік рухын жырлайды, ал батыр- 

лар мерт болған кезде, олардың есімдері азат етуші ер туралы жоктау өленде 

мәңгілікке калдырылған. Үмбетей жырау өз толғауларында даланың коғам- 

дык-саяси өмірін жеткізеді. Оныңөлендері халык ауызында сакталған. Соны- 

мен бірге ол — атакты колбасы, жоңғарларға карсы соғыстың батыры. Халык 

арасында оның Бөгенбай батыр туралы жыры ерекше мәл ім болды.

Ж ы рда казак ж асактары ны ң жоңғарлармен шайкастары өткен көпте- 

ген ж ер атаулары  айтылады,  оларды ж азбаш а деректермен, археология- 

л ы к казба мәліметтерімен салы сты рған кезде мұнда көрсетілген атаулар 

деректі кұж аттарға сәйкес келеді.

К азак карсыласуын үйымдастырушылардың бірі, шайкастарда алдыңғы 

катарларда түрған  Бөгенбай батыр 81  жасында кайтыс болды.  Батырдың 

өлім ін   А бы лай  ханға  естіртудің   ж ауапты   міндеті  Ү мбетей  ж ы рауға 

ж үктелді.

Қ азақты ң ж оқтау-естірту жанры көш пелілердің сөз өнерінде дәстүрлі 

болған,онда аңызға айналған тұлғаны ңтолы көм грбаяны  келтіріліп, оның 

мерт болғаны  немесе кайтыс болғаны жөнінде көңіл айтылады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет