13
Қазақ тарихы
№8 (175), қазан, 2019
МЕТОДОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ТАРИХТЫ КЕЗЕҢДЕУ –
тарих ғылымы методологиясының аса маңызды мәселелерінің бірі
Жұмахан АРЫНОВ,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің аға оқытушысы,
тарих ғылымдарының кандидаты
Толқын ТІЛЕНОВА,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің аға оқытушысы,
тарих ғылымдарының магистрі
Гүлнұр НҰРЛАНОВА,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы,
тарих ғылымдарының магистрі
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу қанша-
лықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспе-
ген мәселе.
Сондықтан да ғылымның алдында мы-
надай міндеттемелер айқындала түсті.
Біріншіден,
тарихи материализмге негізделген
маркстік-лениндік идеология мен методологияның
тоқырауы қазақстандық тарих ғылымының алдында
тарихты кезеңге бөлудің теориялық жаңа негізін жа-
сау қажеттілігін туғызды.
Екіншіден,
бұл қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселе,
өйткені уақыт өлшемімен алғанда тарихи процестер-
ді кезеңдерге бөлудің жүйесі болмайынша, өткенді
зерттеу, белгілі бір жүйеге негізделген еңбектер жазу
бойынша Қазақстан аумағында өткен процестердің
схемасы мен моделін құру мүмкін емес.