3-кезең.
Жаулап алу кезеңі – ХVІІІ–ХІХ ғғ.
4-кезең.
Отарлау кезеңі – ХІХ ғғ. [1, 140-б.].
Біз көріп отырғанымыздай, М.Дулатов қазақ тари-
хының кезеңдерін негізгі екі – этникалық және саяси
критерийді негізге ала отырып бөледі. Өкінішке орай,
автор жан-жақты сипаттама бермеген, сондықтан
оның кезеңге бөлу концепциясы жайлы нақты тұ-
жырым жасау қиын.
Төңкеріске дейінгі қазақ тарихына
М.Тынышпаев-
тың
“Қырғыз қазақ халқы тарихының материалдары”,
“Қазақ-қырғыздар 17 және 18 ғасырда (қырғыз-қазақ
халқы тарихының материалдарына қосымша) және
Ақтабан Шұбырынды (қазақтардың ұлы зобалаңы
және ұлы жеңісі)” атты еңбектерінде неғұрлым жан-
жақты талдау жасалған. Автор қазақ халқы тарихын
кезеңге бөлуді зерттемеген, бірақ оның еңбектерінен
|