ҚБ. «Смайликтер» әдісі
Оқушылардың дербестігі мен
жауапкершілігі бойынша саралау
жұмысы:
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Көп нүктенің орнына
тиісті сөздерді жазады
4-тапсырма. «Мәтіндер кестесі »
әдісі Ж. ТЖ.
Тыңдаған және оқыған материалдағы негізгі ақпаратты сақтай
отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз.
(40-50сөз)
Мәтін
Жинақы мәтін
Қазақта кенже ұлға мұра болып
қалатын әкенің үйі
қасиетті қара шаңырақ, үлкен үй деп аталады. Бұл үй
әкесі тірі кезінде де, қайтыс болған соң
да қара шаңырақ атала береді.
Халқына беделді,сыйлы, құрметті
адамдардың қара шаңырағын оның ел
–жұрты қанша уақыт өтсе де киелі деп
санаған.
Отбасынан
қыз
бала
ұзатылып, үлкен ұл үйленіп,бөлек
шығып кеткен соң, кенже ұлға қара
шаңырақпен бірге әке –шешені бағып
қағу, күту міндеті де жүктеледі.
Сондай –ақ осы кенже ұлға тиесілі
болған қара шаңырақты басқа ұлдары
кенже ұлдың үйі емес, әке шаңырағы
деп есептеп, сый-құрметпен қарайды.
Оны өздеріне тірек, медет тұтады.
Сондықтан қазақы ортада ас беру,
соғым басына шақыру сияқты әдет-
ғұрыптарды атқаруда алдымен қара
шаңырақ ескеріледі. Қара шаңырақтың
кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу
салты сонау сақ, үйсін, ғұндар
заманынан бастау алады.
Қасиетті қара
шаңырақ кенже
ұлға мұра боп
қалады. Халық
қалаулыларының
шаңырағы да киелі
деп саналған.
Әке- шешені бағып-
қағу міндеті кенже
ұлға жүктеледі.
Үлкендері қара
шаңырақты сүйеніш
көреді. Барлық әдет
–ғұрыпты атқаруда
алдымен қара
шаңырақ ескеріледі.
Қара шаңырақтың
кенже ұлға
мұрагерлікке
қалдырылу салты
сонау ерте заманнан
басталады