Сабақтың ортасы
25 мин
Білу. Түсіну
.
Топқа бөлінгеннен кейін сабақ тақырыбына сай шағын
бейнеролик көрсетемін. Оқушыларға сұрақ қою арқылы
сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтаймын.
Сабақ мақсаты айқындалған соң топтарға мәтін беріледі.
Мәтінмен
«Ойлан. Бірік. Бөліс»
әдісі бойынша
жұмыстанады.
Қолдану. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқиды, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Тәуелсіз Қазақстан.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты, егеменді,
тәуелсіз мемлекет.
Оның жері кең-байтақ . Бұл мемлекет Еуразияның
орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты тамаша.
Халқының саны 17 миллионнан асады.
Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар,бұл-
сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы
қазбалар.
Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана
Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.
Еліміздің тұңғыш Президенті — Н.Ә.Назарбаев. Біз өз
Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.
1. Тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:
— Қазақстан қандай мемлекет?
— Қазақстан қайда орналасқан?
— Халқының саны қанша?
— Қазақстан немен бай?
— Қазақстанның бас қаласы қандай қала?
— ҚР тұңғыш президенті кім?
Достарыңызбен бөлісу: |