Байланысты: Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі
Қонақ күту Қазақ халқы танымаса да, «Құдайы қонақпын» деген
адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез
келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ
халқында «Қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. Бұл
сөздің мағынасы: «Алланың жіберген сыйы қырық
адаммен бірге келуі мүмкін». Сондықтан «Қонақпен
бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс кейін
қашып кетеді» деген түсінік бар.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақты
қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ
келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі
ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті
жабуы керек. Бұл – қонақпен келген «Құт», «Ырыс»
бірге кірсін дегені.
Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Үй иесі
оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға
сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай
ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына
үй иесі жағдай жасайды. Ауылдағы әнші, күйшілерді
шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонақты
жақсы қарсы алған үйді «Мырза үй», ал дұрыс қарсы
алмаған үйді «Сараң» дейді. Осы дәстүр қазір де бар.
Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы – қонақжай
халық» деп бекер айтпайды.
(Ш.Бектұров)
2-тапсырма