Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет259/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

1-мәтін. 1-2-топтарға  
Енисей  жазба  мұралары.  Олардың  бұлайша  аталуы  тас  бетіндегі  сына 
жазуларының  Енисей  бойынан  табылумен  байланысты  бұған  қосымша 
кейіннен  Тува  мен  Хакасия  Краснояр  өлкелерінен  де  осындай  жазбалар 
табылған Енисей жазбаларының жалпы саны  - 85 шамалы олардың ішінде 
кіші  – гірім жазбалармен  қатар  ірі  тестер кездеседі  Енисей  ескерткіштері 
көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді ең үлкен 10-15 жолдан, ең 
кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері 
– ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы бұл  
жазу  біртіндеп  Орхон  өзені  одан  Талас  өзені  өңіріне  тарады  бұл 
тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі 
мен жетілдірілуінен де байқалады Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне 
түрлері Минусинск ойпатынан табылған бұл жазбалар түркі халқы белгілі 
мөлшерде  отырықшы  болып,  металл  өңдеушімен  айналысқанын, 
мәдениетті  ел  болғанын  көрсетеді.  Орхон  жазба  ескерткіштері.  Орхон 
жазуы  көне    түркі мұраларының  ішінде қазіргі  түркі  тектес халықтардың 
бәріне  ортақ  көне  түркі  әдеби  тілінде  жазылған  ол  кезде  сонау  Cібірден 
бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол  
астына  қараған  болатын  VI  ғасырдың  ортасында  қазіргі  Солтүстік 
Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде 
батысы Каспий теңізіне шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық 
алып жатқан ұлы империяға айналды кейін келе Батыс Түркі және Шығыс 
Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі 
солай  бола  тұра  V-VIII  ғасырларда  жартастардың  беттері  мен  тас 
мүсіндерге сондай-ақ кейбір  ыдыстардың желгі түбі және қабырғаларына 
ойылып  жазылған  көне  түркі  жазбаларының  ішіндегі  ең  маңыздысы  – 
 


159 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орхон  жазба  мұралары  Орхон  өзенінің  бойынан  табылған  бұл 
ескерткіштердің ішінде  тасқа қашалып жазылған   3  тарихи   мұра ерекше 
аталады оның біріншісі -  731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге екіншісі – 
735  жылы  өлген    Білге  қағанға  ал  үшіншісі  –  Тоныкөкке  арналған 
ескерткіштер  Тоныкөк  туралы  Копенгагиндік  профессор  В.  Томсен  мен 
Клеменц  ханымның  еңбектерінен  мынадай  мағлұмат  ала  аламыз:  Орхон 
жазбаларында  көрсетілгеніндей  Тоныкөк  деп  табылған  ескерткіште  ол  – 
үш  ханның    ақылшысы  және  Білге  қағанның  құдасы  болған  адам  Қытай 
жазбаларында  Тоныкөк      жайлы    716  жылы  айтылған  Елтерістің   
патшалық  құруында  оның  қосқан  үдесі  туралы  Қытай  және  Тоныкөк 
жазбаларында    толық  көрсетілген  көне  түркі  жазбаларын  кейде  «руна» 
жазулары деп атайды оның себебі:  Сібірде айдауда жүрген швед офицері 
Страленберг  пен  неміс  ғалымы  Д.Г.  Мессершмидт  кездестірген 
құлпытастардағы    өзі  түсінбейтін  жат  жазуды  өз    елінің  тілінде  «руна» 
жазуы деп атаған еді бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып 
кетті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет