Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


«Екі дос»  аңыз әңгімесін беремін



Pdf көрінісі
бет265/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

«Екі дос»
 аңыз әңгімесін беремін
.  
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері 
төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, 
дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуылжасапты. Тонаған мал-
мүліктерін тиеп кетіпті.Қолға түскен азаматтарды айдай жөнеліпті. Әлгі екі 
достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген 
екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан 
жағаға келеді. 
Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына 
апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына: 
-Мен қолдарыңа түскен бір ауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің 
оған айырбасқа беретін малым не мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - 
өзімнің өмірім. Досымды босатыңыз, ол үшін  өзімнің өмірімді қияр едім, - 
дейді. 
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: 
-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір 
бөлшегін ғана берсең болды, -дейді. 
-Ол не? – дейді  досын құтқаруға асыққан жігіт. 
-Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. Екі көзіңді ойып аламын. 
Осығанкелісесің бе? 
-Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жауынгер. 
Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының 
иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. 
Мұны көрген жаудың қолбасы: «МЫнадай ерлері бар халықты тұтқиылдан 
келіп, қабыда бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады», - деп 
түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. (Ел аузынан) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет