Э. А. Абдыкеримова


Дәріс №1. Информатика пәні және мақсаттары. Теориялық информатика



Pdf көрінісі
бет3/134
Дата31.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#116510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс №1. Информатика пәні және мақсаттары. Теориялық информатика 
Дәріс жоспары: 
1.1 Информатиканың пайда болуы және дамуы 
1.2 Есептеу техникасының даму тарихы 
1.3 Информатика ғылымының негізгі мәселелері, зерттеу объектісі 
1.4 Информатиканың ғылымдар жҥйесіндегі орны 
1.5 Информатиканың әлеуметтік аспектілері 
1.6 
Информатика 
халық 
шаруашылығының 
саласы 
ретінде, 
фундаментальды ғылым және қолданбалы пән 
1.7 Информатиканың мақсаты және міндеттері 
 
1.1 Информатиканың пайда болуы және дамуы 
 
Информатика  термині  60  жылдары  Францияда  электрондық  есептеу 
машинасы  кӛмегімен  ақпаратты  автоматты  тҥрде  ӛңдеумен  айналысатын 
саланы  атау  негізінде  пайда  болды.  Іnformatіgue  (информатика)  француз 
термині  іnformatіon  (ақпарат)  және  automatіgue  (автоматика)  екі  сӛздің 
бірігуінен  пайда  болған  және  "ақпараттық  автоматика  немесе  ақпаратты 
автоматты  ӛңдеу"  дегенді  білдіреді.  Ағылшын  тілді  елдерде  оның  синонимі 
computer scіence (компьютерлік техника туралы ғылым) сәйкес келеді. 
Информатика  ақпаратты  сақтау  мен  тҥрлендіруге  бағдарланған  арнайы 
қҧрылымдар  - компьютерлер шыққанда және оларды адамның ӛндірістік  және 
қоғамдық  ӛмірінде  кеңінен  колдана  бастаған  кезде,  яғни  ӛткен  ғасырдың 
ортасында дами бастады. 
Информатиканың адам қызметінің жеке саласы болып бӛлінуі ең алдымен 
есептеу  техникасының  дамуына  байланысты.  Бҧған  негізгі  еңбек  сіңірген 
микропроцессорлық  техника  болды.  Оның  70-жылдардың  ортасында  пайда 
болуы  екінші  электрондық  революция  болып  табылды.  Осы  уақыттан  бастап 
есептеу  машинасының  элементтік  базасы  интегралдық  схема  және 
микропроцессор болды, ал компьютерді қҧру және қолдануға байланысты сала 
тез қарқынмен дамуда. «Информатика» термині жаңа мағынаға ие болды және 
ол  тек  компьютерлік  техниканың  жетістіктерін  бейнелеу  ҥшін  ғана  емес, 
сонымен қатар ақпараттарды жіберу және ӛңдеу процестерімен де байланысты. 
Қазіргі кезде информатика - ақпаратты алудың, сақтаудың, тҥрлендірудің, 
таратудың,  пайдаланудың  барлық  аспектілерін  зерттейтін,  адамның 
практикалык  іс-әрекетінің  ақпараттық  технологияларды  пайдалануымен 
байланысты  кҥшті  қарқынмен  дамып  келе  жатқан  және  ҥнемі  толықтырылып, 
кеңейіп отыратын ғылым. 
Информатика  іс-әрекеттің  негізгі  сегіз  бағыттарын  қамтитын  ғылыми-
техникалық пәндердің кешені (1-сурет). 
Есептеуіш  техника  –  есептеуіш  жҥйелерді  қҧрудың  жалпы  қағидалары 
талданатын  бӛлім.  Мҧнда  мәселе  техникалық  бӛлшектер  немесе  электрондық 
схемалар  жайында  емес,  есептеуіш  (компьютерлік)  жҥйелердің  архитектурасы 
тҧрғысынан  алғандағы  олардың  принциптік  шешімі  туралы  болады.  Мҧндай 
классикалық  шешім  мысалы  ретінде  –  алғашқы  компьютерлердің  неймандық 


 

архитектурасын, ҥлкен кезеңге жататын ЭЕМ-дердің шиналық архитектурасын 
айтуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Информатиканың бағыттары 
 
Бағдарламалау – программалық қамту  жҥйелерін  талдауға байланысты  іс-
әрекет.  Мҧнда  қазіргі  программалаудың  негізгі  бӛлімдерін  атап  ӛтуге  болады: 
жҥйелік программалық қамтуды қҧру және қолданбалы программалық қамтуды 
қҧру.  Жҥйелік  программалар  арасында  –  жаңа  программалау  тілдерін  талдау, 
интерфейстік  жҥйе  қҧру.  Жалпы  мақсаттағы  қолданбалы  программалар 
арасында ең танымалы – текстілерді ӛңдеу жҥйелері, электронды кестелер және 
берілгендер базасын басқару жҥйелері.   
Ақпараттық  жҥйелер  -  әр  тҥрлі  кҥрделі  жҥйелердегі  ақпарат  ағынын 
талдау, оларды тиімділеу, қҧрылымдау, сақтау принциптері мен ақпарат іздеуге 
байланысты сҧрақтарды шешуге бағытталған информатика бӛлімі. Ақпараттық-
анықтамалық  жҥйелер,  ақпараттық-іздеу  жҥйелері,  қазіргі  заманғы  аса  ҥлкен 
ақпаратты  сақтау  мен  іздеу  жҥйелері (Іnternet жҥйесімен  қоса),  соңғы  уақытта 
кӛпшілік  назарын  аудартуда.  Солардың  ішінде  ең  ҥлкен  жҥйе  қатарына  – 
WWW  гипертекстік  іздеу  жҥйесі,  ал  тӛменгі  деңгейде  –  09  нӛмірі  арқылы 
қолданылатын қарапайым анықтамалық жҥйені жатқызуға болады. 
Жасанды интеллект – психология, физиология, лингвистика т.б. ғылымдар 
тоғысында тҧрған кҥрделі мәселелерді шешуге мҥмкіндік беретін информатика 
саласы.  Компьютерді  адам  сияқты  ойлануға  ҥйрете  аламыз  ба?  Бірақ  біз 
адамның  ӛзі  де  қалай  ойланатынын  жете  білмегендіктен,  жасанды  интеллект 
бойынша жасалған тҧжырымдар жарты ғасырлық уақыт ӛтсе де, кӛптеген қиын 
мәселелерді  әлі  де  болса  шеше  алмауда.  Бҧл  облысқа  тиесілі  талдаулардың 
негізгі  бағыттары  -  пікірлерді  моделдеу,  компьютерлік  лингвистика, 
машиналық  аударма,  эксперттік  жҥйелерді  қҧру,  бейнелерді  тану  және  т.б. 
Адам  мен  компьютер  арасындағы  интеллектуалды  интерфейстік  жҥйе  қҧру 
сияқты  маңызды  қолданбалы  мәселе  де  осы  жасанды  интеллект  саласындағы 
жҧмыстардың жетістігіне байланысты. 
Кибернетика,  кӛбінесе  табиғаттың  әр  тҥрлі  объектілерін  басқарудың 
жалпы  ҧстанымдарымен  айналысады.  Яғни,  кибернетика  қолданбалы 
Теориялық информатика 
Информатика 
Ақпараттық жҥйе 
Бағдарламалау 
Кибернетика 
Жасанды интеллект 
Қоғамдағы информатика 
Есептеуіш техника 
Табиғаттағы информатика 


 

информатика  ретінде  жеке  объектілерді  басқарудан  бастап  (станоктар, 
кәсіпорындық  қҧрылымдар,  автомобильдер,  т.б.)  ӛте  кҥрделі  бҥтін  ӛндіріс 
салаларын, банк жҥйелерін, байланыс жҥйелерін, әуелі адамдар қоғамдастығын 
басқару  жҥйелеріне  дейін  автоматтық  немесе  кҥрделігі  әр  тҥрлі  дәрежедегі 
автоматтандырылған  басқару  жҥйесін  жасау  және  қолдану  саласында 
қарастырылуы мҥмкін.  
Кибернетикаға  қаланған  Н.Винердің  негізгі  концепциясы  адам  қызметінің 
әр  тҥрлі  саласындағы  кҥрделі  динамикалық  жҥйелерді  басқару  теориясын 
қҧруға  байланысты.  Кибернетика  компьютердің  бар,  жоқтығына  тәуелсіз 
болады. 
Кибернетика  -  әр  тҥрлі:  техникалық,  биологиялық,  әлеуметтік  және  т.б. 
жҥйелердегі басқарудың жалпы ҧстанымдары туралы ғылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет