27
Франциядағы қазіргі кооперативтік қозғалыс ХХ ғасырдың 20-
жылдарында «Жаңа тәрбиемен» айналысқан С. Френэнің идеяларының
жалғасы болып табылады. С. Френэнің пікірінше, оқушыларды жемісті
тәрбиелеу оқытудың жаңа материалдық құралдарын кеңінен қолдану арқылы
ғана мүмкін. Ол өз мектебінде осы жаңа құралдардың ішінде бірінші орынға
баспахананы қойды. Осы уақытқа дейін Френэ әдісімен жұмыс істейтін баспа
машинасы Франция мектептерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
С. Френэ дәстүрлі мектепте практикалық кәсіпкерлік дайындыққа
қаншалықты аз көңіл бөлетініне таң қалып, сынға алады. Френэнің пікірінше,
математиканы оқытуда теорияны азайтып, есептеудің практикалық дағдыларын
дамыту уақытын көбейту керек дейді, яғни балаға өмірде тікелей пайдалы
болатын нәрсе, мысалы, бюджетті құру, сатушымен немесе сатып алушымен
есептеу және т.б.
С.Френэ әдісі бойынша жұмыс істейтін мектепте «Мектеп кооперативі»
құрылып, оның мүшелері барлық оқушылар болып саналады. Кооперативте
бірнеше оқушы мен мұғалім құрамынан тұратын Кеңес құрылған.
Кооперативтің бақылауында мектептің барлық шаруашылық қызметі,
оқушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету жұмысы енеді. Сонымен қатар
кооператив тәртіптік ұйым болып та табылады: ол мектептегі әртүрлі тәртіп
бұзушылықтардың жағдайларын қарастырады, оқушылар арасындағы
қақтығыстарды талдайды, кооператив мүшелерін көтермелеу және жазалау
мәселелерін шешеді. Кеңес құрамы жыл сайын өзгеріп отырады, мектеп
кооперативінің құрылымы жалпы өте демократиялық және өзін-өзі басқару
қағидаттарына негізделген, яғни бұл балаларды кәсіпкерлікке, тиімділікке,
тәуелсіздікке, жауапкершілікке тәрбиелеуге көмектеседі.
С. Френенің идеялары әлі күнге дейін мектеп біліміне айтарлықтай әсер
етуде. Қазір бұл «Сынып – кооператив» қағидаты бойынша өз қызметін жүзеге
асыратын мектеп кооперациясының тұтас педагогикалық қозғалысы.
1928 жылы Францияда мектеп кооперативтерінің ұлттық бюросы (OSCE)
құрылды, мектеп кооперативіне енгендер бүгінгі күнде әлі де бірқатар
жеңілдіктер алады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары Францияда және
Еуропаның кейбір елдерінде жалпы білім беру, кәсіптік – еңбекке оқыту және
кәсіптік бағдарлау процесінде кәсіпкерлік қызметке қарқынды дайындық
бағдарламасы болып табылатын «Мансапқа дайындық мақсатында білім беру»
тұжырымдамасы әзірленді. Мұндай бағдарлама мектеп пен өндіріс арасындағы
алшақтықты жою, мектеп экономиканың кәсіпкерлік секторымен сенімді
байланысын орнату үшін жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: