70
сенсорлық сезімталдықпен үйлескен сұхбаттасушыға ашық көзқарас оның
мінез-құлқының негізінде жатқан біздің дұрыс, немесе дұрыс емес деген
пікірлерімізбен сәйкес келе бермейтін түсініктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Кез келген мінез-құлық, жағдай немесе оқиға рефреймингке ұшырауы мүмкін.
Оқиғаның мәнмәтінін өзгерту арқылы оған жаңа мағына беруге болады.
Топтарды жұптарға немесе 3 адамнан бөліңіз. Әрбір шағын топта
серіктестер 10 минут ішінде бір-бірімен өзі туралы ақпаратпен алмасып
сөйлескен кезде адамның өзіне жағымсыз, кедергі келтіретін әдет не мінез-
құлқын айтуы тиіс. Содан кейін 10 минут ішінде жұптың әрбір қатысушысы
сол қасиеттерді жақсы жағынан көрсететін өз көзқарасын дайындау қажет
болады. Мысалы:
-
баяу қимылдау терең ойлану және материалды асықпай жан-жақты
зерделеуге негізделген; батылдықтың жетіспеуі - өзін-өзі қорғаудың белгісі,
авантюризмнің болмауы;
-
жан-жақтылық ол өмірге деген қызығушылықтың көрінісі, білім мен
біліктіліктің әмбебаптығына ұмтылу;
-
идеал, туындыны ойлап табу немесе нәрселерді жасап шығарушы болуды
білдіреді.
Топтар тағы 15 адамнан бірігуі керек және жиналған қасиеттер мен
олардың жағымды жақтарын талқылауы керек. Содан кейін олар қайта
ойластырылып өзгерген қасиеттерді екінші топқа ән, театр қойылымы,
монолог, сурет, комикс және т.б. түрінде максималды жақындатып көрсетуі
тиіс. Рефреймингтік төңкеріс күшті болған сайын және серіктеске қатысты
тапсырма эмпатиялық болған сайын, ойынның нәтижесі де соғұрлым табысты
болады.
Оқушылармен мәселенің қаншалықты жаңа қырынан көрінгенін
талқылаңыз. Олар бұрын-соңды осындай өзін-өзі бағалау мүмкіндіктері бары
туралы ойланды ма? Олар көрген нәрселеріне қалай қарайды? Тапсырма оларға
несімен ұнады? Оның қиын тұсы қай жерде болды? Олар серіктеспен жұмыс
істеу барысында және жолдасынан алынған материалдан өзіне не алды?
Достарыңызбен бөлісу: