75
жүрек, қол тұтастықта, бірлікте қызмет арқарады. Барлық жоғарыда аталған
әдістемелерде және осы әдістемеде қорытынды шығарылады. Ол - дебрифинг
деп аталады.
Бұл жаттығу барысындағы қатысушылар алған сезімдерін түсіну,
әрекеттерді және оның себептерін талқылау, қабылданған шешімдердің
дұрыстығын бағалайды. Мұғалімнің міндеті оқушылар өз өмірінен өткізген
тәжірибелерді және заманауи өмірдегі шынайы жағдайлармен параллель
жүргізе алатын кеңістік пен уақытты ұйымдастыру.
Рөлдік ойындар және жағдаяттарды модельдеудің (симуляциялау)
мақсаты - кәсіпкерлік қызмет жолындағы қиындықтарды жеңу. Модельдеу
шеңберінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты жаттығулар және ойындарды
орындай отырып, оқушылар ішкі сезімдер және эмоциялармен жұмыс істеуді
үйренеді, өздерінің күшті және әлсіз жақтарын табу мен өздеріне бақылау
шаралар жасаудан қорықпайды. [16]
Мысалы, бір нарықта ұқсас тауарлар сататын басқа кәсіпорындармен
бәсекелестік жағдайын модельдеу арқылы немесе бизнес менеджментінің
барлық аспектілеріне қатысты шешімге жауапкершілік қабылдау немесе
бизнесті жүргізуді модельдеуде, оқушы күйзеліс жағдайына түседі, ол ойлау
тиімділігін немесе топ мүшелері арасындағы коммуникацияны тоқтатады. Бұл
шешімдер маркетингтік және өндірістік қызметке және т.б. қатысты өнім
шығару және маркетинг бизнесті қаржыландыруға немесе шығындарға қатысты
болуы мүмкін және процесс барысында оқушы кенеттен ойлаудың тиімділігін
немесе топ мүшелері арасындағы комуникацияны тежейтін кейбір стрессті
сезінеді. Мұғалімнің міндеті ойын/модельдеу/симуляция өткізу үшін қолайлы
жағдайлар туғызу,
дебрифинг
шеңберінде жаттығуларды орындау кезінде
болған барлық болған жайтты талқылау, мәселені түсінуге және бірге шешім
қабылдауға жетелеу.
Достарыңызбен бөлісу: