Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет42/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   130
 
 


80 
 
3.  «КӘСІПКЕРЛІК  ЖӘНЕ  БИЗНЕС  НЕГІЗДЕРІ»  ПӘНІНЕН  ҚЫСҚА 
МЕРЗІМДІ 
САБАҚ 
ЖОСПАРЫН 
ӘЗІРЛЕУ 
ЖӘНЕ 
«ЕСЕПТЕЛІНДІ/ЕСЕПТЕЛІНГЕН 
ЖОҚ» 
ҚОЮ 
БОЙЫНША 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 
 
3.1. Қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар 
 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнінен  қысқа  мерзімді  сабақ 
жоспарларын  әзірлеу  барысында  мұғалім  сабақтың  негізгі  кезеңдері  мен 
құрылымын  ұйымдастыра  отырып,  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерін  тиімді 
қолдануды басшылыққа алады. 
Тікелей  оқыту  әдісін
  оқу  процесінде  зерделелей  отырып,  зерттеу 
ерекшеліктерін  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  мұғалімдеріне 
әдістемелік көмек ретінде ұсынуға болады. 
Тікелей  оқыту  және  жаңа  материалды  ұсыну  –  сабақ  мазмұнын  дәйекті 
және  нақты  түсіндіретін  оқытушы  белсенді  рөл  атқаратын  оқытудың 
классикалық  базалық  әдістері.  Осы  әдіс  аясында  жаңа  және  бұрын  алынған 
білім  арасында  байланыс орнатылып,  жаңа  жағдайларда  қолдану  жобаланады. 
Сұрақтар  шағын  «бөліктермен»  ашылады,  материалды  түсіну  мезгіл-мезгіл 
тексеріледі,  күрделі  сәттер  қосымша  түсіндіріледі,  жаңа  жағдайларда  білімді 
қолдану дағдылары мен техникасы дамиды. 
Тікелей  оқыту  тақырыпқа  енгізуден,  талқылауға  арналған  сұрақтарды 
анықтаудан,  жаңа  материалдар  мен  ақпарат  беруден  тұрады.  Жаңа  материал 
мазмұны  жағынан  қызықты  болуы  мүмкін,  алайда  тыңдаушыларды  мезгіл-
мезгіл  қатыстырып,  сұрақтар  қойып  немесе  пікірталастар  тудырған  жағдайда 
ғана  қатысушылардың  шоғырлануын  сақтауға  болады.  Осылайша,  мұғалімнің 
монологынан диалогқа көшу жүзеге асырылады. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін  оқытудағы  әдістердің  бірі-
экономикалық мәтінді талдау. Әлемнің белгілі бір бейнесін қалыптастыру үшін 
оқушылар  жаңа  тақырыпқа  қатысты  қосымша  мәтіндер  алуы  керек.  Осы 
мақсатта  оқулықтан,  осы  материалды  арнайы  көрсететін  әдістемеден 
материалдар,  көрнекті  экономистердің  жұмыстарынан  өздігінен  таңдалған 
үзінділер,  танымал  отандық  (кейде  батыстық)  кәсіпкерлер  туралы  ақпарат 
(соның  ішінде  көркем  шығармалар  түрінде)  пайдаланылуы  мүмкін.  Оқыту- 
процесіндегі  бұл  әдістеме  тыңдаушыларға  идеяларды  түсіну  үшін  белсенді, 
«ақылды» оқу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл кейде пассивті 
қабылдау  мен  есте  сақтауға  бағытталған  оқуды  алмастырады.  Оқушыларға 
экономикалық мәтін идеяларын қабылдауға және жағдаятты қолдануға үйрету 
үшін  үнемі  сыни  талдау  мен  оқылымды  түсіндіру  қажет,  сонымен  қатар 
жинақталған  идеяларды  проблемалау  керек.  Нәтижесінде  мәтіннің  идеяларын 
логикалық 
талдау, 
сипаттау 
және 
өзара 
байланыстыру, 
өз 
көзқарасымызды/пікірімізді қалыптастыру қабілетіне қол жеткізуіміз керек.  
Сонымен  қатар,  өз  пікіріңізді  әріптестердің  немесе  мұғалімнің 
ұстанымымен  салыстыра  аласыз,  алайда  оның  ресми  беделіне  байланысты 


81 
 
мұғалімнің  позициясын  қабылдау  қаупі  бар.  Егер  оқушыларға  мәтінді  өз 
бетіңізше  оқып  және  талдауға  тапсырма  берсеңіз,  авторлар,  жұмыс  атаулары, 
терминдердің мағыналары туралы ұсыныстар беруіңіз керек.  
Мәтінді  оқығаннан  кейін  ойлар  мен  идеяларды  бекіту  үшін 
тыңдаушыларға  түсініксіз  сәттер  туралы  сұрақтар  жазуға  ұсыныс  беру  керек. 
Сұрақтарға  сүйене  отырып,  топтарда  талқылауды  ұйымдастыра  аласыз,  онда 
олар өздері сұрақтар қойып, бірге жауап іздеуге тырысады. 
Ұсынылған  әдістердің  бірі  –  тақырыпты  пазлдар  қағидасы(puzzle) 
бойынша  бөліктерге  бөлу  және  онда  бір  тақырыптың  әр  бөлігі  бірнеше 
қимақағаздарға  жазылады.  Шағын  топтар  қимақағаздарды  қолданып  және 
олардың  логикалық  тәртібін  талдай  отырып,  қарастырылып  отырған  мәселе 
бойынша  өз  көзқарастарының  белгілі  бір  мәтінін  жасай  алады.  Жұмыстың 
нәтижесі  –ұжымдық  талқылау  аясында  жасалған  дәлелдері  бар  презентация 
болып табылады. 
Бұл  жұмысты  алмастыруға  болады.  Мысалы,  жаңа  тақырып  үшін 
сұрақтар және жауаптар көрсетілген қимақағаздар жасалады: қимақағаздардың 
бір  жинағында  сұрақтар  және  екінші  жинағында  дұрыс  жауаптар.  Барлық 
қимақағаздарды  кездейсоқ  өзара  араластыру  арқылы  топқа  сәйкес  келетін 
жұптарын табуға мүмкіндік бере аласыз.  
Қарқынды/белсенді  оқыту. 
Аудиторияда  берілетін  ақпарат  көлемінің 
аздығына  байланысты  теориялық  бағыттағы  дәрістер  ойлау  процесінің 
пассивтілігіне  ықпал  етеді.  Қосымша  маркерлер  немесе  стимуляторлар 
болмаған кезде есте сақтау қиынға соғады. Белсенді оқыту форматы тақырыпқа 
тереңірек  үңілуге,  ол  туралы  ойлауға  және  оны  объективті  түсіндіруге 
көмектеседі.  Белсенді  оқыту  зерттеу,  түсіндіру  немесе  ойлау  арқылы  білімді 
шоғырландырудағы  кемшіліктерді  ішінара  жояды.  Белсенді  оқыту  бірнеше 
кезеңнен тұрады:
 
1.  Түсіну  кезеңі
  –  сабақтың  басында  тыңдаушыларды  жаңа  материалға 
шоғырландыру үшін белгілі бір мәселе бойынша алған білімдерін еске түсіруді 
ұсыну.  Оқушылардан  кейбір  тапсырмаларды  орындауға  тапсырма  беру, 
мысалы:  алдағы  тақырыпқа  қатысты  белгілі  бірнеше  идеяларды,  жалпы 
ұғымдарды  тұжырымдау,  мұғалім  қойған  мәселені  жұпта  немесе  шағын 
топтарда  талқылау  немесе  мұғалім  ұсынған  идеялар  мен  тұжырымдамалар 
арасындағы мүмкін болатын байланыстарды ашу. Егер уақыт болса, оқушылар 
тақтада өз еркімен идеялармен бөлісетін процесті ұйымдастыруға болады.
 
Түсіну  кезеңі–  бұл  дәрістің  презентациясы  тікелей  түсіну  мен  сұрау 
кезеңдерінің  ауысуымен  өтетін  кезең.  Идеялар  10-15  минут  ішінде  айтылады, 
содан  кейін  оларды  бастапқы  идеялармен  салыстыру  ұсынылады.  Дәріс 
бойынша берілген сұрақтарға жауап беруге немесе дәрістің келесі бөлігінде не 
талқыланатынын  болжауға  тырысу  үшін  уақыт  беріледі  және  т.б.  мұндай 
дәйектілік сабақ бойы қайталанады. 
2.  Ойлану  кезеңі
–  оқушылар  белгілі  бір  жаттығуды  орындау  немесе 
материалда шоғырлануға бағытталған сұраққа жауап береді (жеке/жұпта/шағын 
топтарда);  сабақ  барысында  айтылған  идеяларды  жинақтай  отырып,  5 


82 
 
минуттық  эссе  құрастыру;  тақырып  бойынша  кемінде  бір  сұрақ  тұжырымдау 
немесе  осы  тақырып  бойынша  қысқаша  түсініктеме  жасау.  Эссе  жаңа 
ақпаратты  түсіну  деңгейін  бағалауға  мүмкіндік  беретін  кері  байланыстың 
маңызды элементі (feedback) болып табылады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет