5
Бағдарлама қолданбалы сипатқа ие, ол үшін маркетинг, экономикалық
теория, дизайн ойлау сияқты бөлімдер енгізілді
Бағдарлама үш жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде
мұғалімдерге арналған бірқатар оқулықтар мен нұсқаулықтар жазылды, пән
мұғалімдерін қайта даярлау үшін тренингтер өткізілді, мұғалімдерден, ата-
аналардан және мектеп оқушыларынан кері байланыс жиналды, екі тілде тегін
курстар өткізіліп, пәнді онлайн-геймификациялау үшін интернет-ресурс
құрылды.
Бұл оқу процесіне нақты қазақстандық бизнесмендердің тәжірибесі
негізінде кәсіпкерлік қызметтің барлық қажетті аспектілерін және пәнді
оқытудың үздік халықаралық практикасын енгізуге мүмкіндік берді, және бұл
бағдарламаны басқа пәндерден ерекшелігін көрсетеді.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары сынып оқушылары
үшін экономика мен бизнес негіздерін зерделеуді практикаға бағытталған тәсіл,
кейстер және жалпы кәсіпкерлікті зерделеу кезінде пайдаланылатын басқа да
әдістер арқылы енгізген жөн.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні аясында кәсіпкерлік, экономика,
менеджмент, маркетинг негіздері бойынша базалық білім алу және оқушыларда
кәсіпкерлік ойлауды, белсенді өмірлік ұстанымды, сондай-ақ қазіргі нарықтық
жағдайларда одан әрі дербес қызметті ұйымдастыру үшін қажетті дағдыларды
қалыптастыру көзделген.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабақтарында оқушылар қаржылық
сауаттылық, өз қаржы ресурстарын басқару мәселелерін меңгереді, өздерінің
шағын оқу стартабын өз бетінше ұйымдастыруға тырысады, банк жүйесінің,
қор нарығының жұмыс істеуін, халықаралық бизнес мүмкіндіктерін зерделейді.
Барлық көрсетілген экономикалық тақырыптар жалпы білім беру процесіне
енгізілген, сондықтан оқушылар алған білімдерін практикада іс жүзінде
тексеріп, қолдана алады. Өздерінің стартап-жобасын ұйымдастыра отырып,
олар оны практикада жүзеге асырып, гранттық қаржыландырудың түрлі
конкурстарына
және
жастар
кәсіпкерлігін
қолдаудың
мемлекеттік
бағдарламаларына қатыса алады.[3]
Қазіргі заманауи мектеп тұжырымдамаларында үнемдеуді, қаржы
сауаттылығын, менеджментті және кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыруда
төмендегі мақсаттарды бөліп алуға болады:
-
үнемдеу және қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейін қалыптастыру
еліміздегі қоғамдық өмірдегі болып жатқан өзгерістерге оқушылардың
әлеуметтік бейімделуі үшін, сол сияқты түлектерді кәсіпке бағыттау үшін
қажет;
-
қоғамдық және жеке өмірде жауапты үнемдік пен қаржылық
шешімдер
қабылдауда практикалық дағдылар қалыптастыру.
Осы мақсатта елімізде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні
экономикалық білімнің негіздерін үйрете отырып, нарықтық экономиканың
өтпелі кезеңінде оқушыларға қажетті білім беретін пән болып енгізілді.
7
өзгертуге және жігерлілік пен шешім қабылдай алуға, саналылық пен
жауапкершілікке бағдарлауға мүмкіндік беретін, оқушылар мен ата-анлардың
қызығушылығын тудартын пән.«Егер біз болмасақ, кім?»- бұл мәселе әркімнің
санасында болып және әркімнің өз деңгейінде, өз мүмкіндіктерінің шегінде
ортақ болашағымызды қалыптастыруға күш салатындай болуы тиіс.
Оқушылардың осындай нақты ақыл-ой көзқарастары мен іс-әрекеттерінен
Отанға деген патриотизмді қалыптастыруға болады.
Оқу бағдарламасы мен оқыту әдістемесі оқушыларға шын мәнінде
пайдалы, практикалық және шынайы өмірге бағдарлайды. Мектеп өзекті
құралдарды ұсына отырып, балаларды шынайы өмірге дайындауы керек.
Пәнді оқытудың басты мақсаты – кәсіпкерлік ойлауды мектеп
қабырғасынан дамыту.
Халықаралық
бағдарламалардың
тәжірибелеріне
қарағанда
бұл
бағдарлама интерактивті болып шықты және геймификация қағидалары мен
бизнес-кейстерді зерделеуге негізделген: 40% – теория, 15% – бизнестен нақты
мысалдар, 45% – ойын түріндегі тәжірибелік тапсырмалар енгізілген. Неліктен
геймификация алынды? Себебі, кәсіпкерлік – бұл әрекет, тәжірибе арқылы
оқып, түсіну.
Оқулықтың әрбір бөлімі өзінше қызықты материалдан құралады.
Тәжірибелі мамандардың жобаға қатысуы арқылы, сабақ тақырыптарына
байланысты кәсіпкердің өмірінен мысал келтіруге болады. Мысалы, маркетинг
саласын жақсы меңгерген кәсіпкер дәл осы сабақта өзінің тәжірибесімен
бөлісетін болса, оқу процесі тиімдірек болары сөзсіз.
Бұл пәнде тек қана экономика негіздері ғана емес, менеджмент,
маркетинг, бизнес, кәсіпкерлік негіздері терең оқытылады. Қоғамдағы
кәсіпкерліктің дамуын зерттеу барысында қоғамдағы азаматтардың бес
пайызында ғана кәсіпкерлік қабілеті бар болып шықты. Сондықтан да ерте
бастан мектеп оқушыларының кәсіби ойлау қабілетін дамыту керек деген
тұжырым жасалды.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – жастарды бизнеске баулып, оларға
кәсіпкерлік, экономикалық құбылыс, замануи жағдайлардағы кәсіпкерлік,
маркетинг, ойлау дизайны, кәсіпкердің өзін-өзі жетілдіруі, даму стратегиясы,
стартап акселератор және өз идеясын жүзеге асыру үшін жасалатын кәсіпкер
әрекетінің бизнес – жоспарын пайдалану. Сонымен қатар жарнама жасау
туралы базалық білім беру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: