Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Тұжырымдар мен нұсқаулықтар



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім

Тұжырымдар мен нұсқаулықтар. 

 

Ең  алдымен  мүгедектердің  құқықтары  мен  қызығушылықтары  соңғы 

бірнеше жыл ішінде қазақстандық құқықтық нормаларда өз көрінісін тапқанын 

айта  кету  керек,  осылайша  елімізде  заңнамалық  деңгейде  мүгедектердің 

қажеттіліктері  мен  мұқтаждықтарын  қабылдау  қатынасында  алдыға  жылжу 

байқалады.  Растау  үшін  бірнеше  мысал  келтірейік:  2011  жылы  «Білім  беру 

туралы» заңға «инклюзивті білім беру» түсінігін енгізу; 2012 жылы кәсіби, орта 

және  жоғарғы  білім  алудан  кейін  оқуға  түсу  кезінде  мүгедектерге  арналған 




35 

 

квотаны 0,5- тен 1%-ға дейін өсіру туралы ҚР жарғысын қабылдау; 2012 жылы 



«Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Кодексте  телеарнада  сурдоаудармасы 

немесе  субтитр  түріндегі  аудармасы  жоқ  жаңалық  сипатындағы  хабарларды 

таратуға салынатын айыппұлды анықтау

2011жылы  мүгедектігі  бар  адамдардың  кейбір  санаттарына  да  таралатын 

арнайы  әлеуметтік  қызметтер  көрсету  стандарттарын  қабылдау;  2008  жылы 

дербес  көмекші  мен  қимыл  тілінің  маманының  қызметтерін  ұсыну  ережелерін 

қабылдау; 2013 жылы «Адвокат қызметі туралы» Заңға бірінші және екінші топ 

мүгедектеріне  заң  қызметтерін  тегін  көрсету  туралы  норманы  қосу  және  тағы 

басқалары. 

Осы  бөлімде  берілген  шығармалар  Қазақстан  заңнамасының  талдауда 

жасалған  мүгедектікті  қабылдау  саласындағы  халықаралық  стандарттарға 

сәйкестігінің  немесе  сәйкес  еместігінің  барлық  жерлерін  көрсете  бермейді. 

Сондықтан,  шолудың  авторлары,  әзірше,  қазақстандық  заңнамасында 

қарастырылмаған  мүгедектер  құқығы  туралы  БҰҰ  Конвенциясының 

ережелеріне  назар  аударуды  ұсынады.  Төменде  берілген  ұсыныстар, 

авторлардың  ойынша,  мүгедектігі  бар  адамдарға  қатысты  Қазақстанның 

мемлекеттік  саясатын  әрі  қарай  жетілдіруге  ықпал  жасайды.  Ұсынылған 

шараларды  қабылдау  Қазақстанға  мүгедектер  құқығы  туралы  БҰҰ 

Конвенциясын  бекітуі  мүмкін  бағытындағы  өз  заңнамалық  нақтыларын 

жетілдіруге көмектеседі. 

ҰҰ  Келісімшартында  бекітілген  мүгедектікке  қатысты  халықаралық 

стандарттарға сәйкестікке ҚР ұсынылған заңнамалық сараптамасы ең алдымен, 

мүгедек мәселесіне тұжырымдамалық түрлі ықпал жасауға болатынын көрсетті. 

Келісімшарт бұл мәселені қоғамның барлығын толық қамти алмайтындығы және 

жеке  басы  туралы  мәселе  ретінде  қарастырса,  мүгедектігі  бар  тұлғалардың 

құқығы  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  саласында  НҚА  негіз  болатын 

«Мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»  ҚР  Заңы  мүгедектердің  олқылығына 

баса  назар  аударады.  Мұны,  жекелей  алғанда,  «мүгедек»  және  «мүгедектік» 

ұғымдарын анықтаудағы айырмашылықтар бойынша қарастыруға болады. 

Келісімшартпен  ұсынылған  жалпы  ұстанымдар  негізінде  олардың  көбі 

мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  саласында  Қазақстанның  мемлекеттік 

саясатында бекітілді. 

Сонымен қатар кемсітпеушілік (мүгедектігі бойынша кемсітушілікке тиым 

салу)ұстанымы  Келісімшартта  ашылған  деңгейінде  Қазақстанның  заңнамалық 

аясында әлі өз толық көрініс тапқан жоқ. Келісімшартқа сәйкес, осы ұстанымды 

жүзеге асырудың негізгі элементтерінің бірі саналы бейімделу болып табылады. 

Сонымен 

қоса 


Қазақстанда 

орны 


бар, 

қоғамдық 

нысандар 

мен  


инфрақұрылымдарға  заңнамалық  деңгейде  және  де  тәжірибе  жүзінде 

мүгедектердің  қол  жеткізе  алмауы  мүгедектердің  өз  бетінше  өмір  сүруі  мен 

оларды  жергілікті  қоғамға  тарту  жағдайларын  іске  асырмайды,  бұл  аталған 

ұстанымға сәйкес, мүгедектігі бойынша кемсітушілік ретінде қарастырылады. 




36 

 

Саналы бейімделумен бірдей деңгейде мүгедектердің еркін өмір сүруі және 



заттарға,  жабдықтарға,  бағдарламалар 

мен 


қызметтерге 

қолжетімділік 

деңгейінде  олардың  өмірдің  барлық 

жағдайларына  қатысуы  үшін  әмбебап 

дизайнді  қамтамасыз  ете  алады.  Алайда 

бұл  ұғым  қазақстандық  заңнамада  әлі 

бекітілген жоқ.  

Мүгедектердің 

ғимараттар 

мен 


құрылыстарға  кедергісіз  қол  жеткізуін 

қамтамасыз  етуде  2011  жылы  құрылыс 

және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы  істері  бойынша  ҚР  Агенттігімен 

ұсынылған  «Икемделу  жағдайы  төмен  топтарға  арналған  ғимараттар  мен 

құрылыстарға  қолжетімділік»  жобасының  ережелер  Жинағын  қабылдау  үлкен 

талпыныс  болуы  мүмкін.  Осы  ережелерді  Қазақстанда  қабылдаған  жағдайда 

әмбебап  дизайн  (жоба)  ұғымы  ресми  түрде  бекітіледі,  ол  2011  жылдан 

қабылданған  жобада  мүгедектер  құқығы  туралы  БҰҰ  Келісімшартымен  толық 

сәйкестікте анықталады. 

Сәулет,  қала  салу  және  құрылыс  саласындағы  осы  ережелер  жинағын 

қабылдау  және  оны  қолдану  ғимараттар  мен  құрылыстарға  мүгедектердің 

физикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде 

және  шешуші  деңгейде  мүгедектердің  қоғамдық  өмірдің  барлық  жағдайларына 

қатысуына мүмкіндік жасайды. 

Сонымен  қатар,  бұл  жинақты  қабылдаумен  бірге  оның  ағымдағы  түрінде 

төтенше  жағдайлар  кезінде  тасымалдау  мен  құтқару  жағдайларында 

тұрғындардың  икемділік  жағдайы  төмен  топтарына  арналған  жобалық 

шешімдер мүмкін болады (бұл Келісімшарттың 11 бабымен келісіледі). 

Соңғы жылдары дамып келе жатқан мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың екі 

қосымша  механизмі  «Адвокаттық  қызмет  туралы»  заңымен  қарастырылған 

адвокаттардың  тегін  заң  қызметтері  және  2011  жылдың  әлеуметтік  арнайы 

қызмет  көрсету  Стандарттарымен  анықталған  тұрғындарды  әлеуметтік  қорғау 

саласындағы  арнайы  әлеуметтік-құқықтық  қызметтер  болды.  Екі  механизм  де 

мүгедектердің тиімді құқықтық қорғалуы үшін мүмкіндіктер тудырады. 

Алайда  тұрғындарды  әлеуметтік  қорғау  саласындағы  арнайы  әлеуметтік 

қызметтерге қол жеткізе алатын мүгедектердің біраз ортасы және адвокаттардың 

тегін көмек көрсетуі (бір сұрақ бойынша кеңес беруге 1 сағат) бойынша лимитті 

сипаты  мүгедектердің  жалпы  құқықтық  қорғалу  қажеттілігін  айтарлықтай 

төмендетеді.  БАҚ  және  үкіметтік  емес  ұйымдардың  хабарларына  сәйкес, 

мүгедектер, жекелей алғанда мүгедек әйелдер мен мүгедек балалар қатал қарау, 

пайдалану  және  зорлау  құрбандары  болып  жатады,  ары  қарай  мүгедектігі  бар 

адамдарды құқықтық қорғауды дамыту көзделуде. 

Сонымен  бірге  тегін  заң  қызметтерін  көрсетудің  белгіленген  ұзақтығы 

қажеттілікке зәру мүгедектердің шынайы мұқтаждықтарына сәйкес болуына аса 




37 

 

көңіл аудару қажет. Бұдан да басқа, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету аясында 



қарастырылатын  әлеуметтік-құқықтық  қызметтерге  қолжетімділік  осындай 

қызметтерге мұқтаж мүгедектерге мемлекетпен кепілдендірілгені маңызды. 

Мүгедектердің өз бетінше өмір сүруі мен оларды жергілікті қоғамға тартуда 

көзделген  дербес  көмек  туралы  норма  2008  жылы  бірінші  топ  мүгедектеріне 

және есту қабілеті бойынша мүгедектерге қимыл тілі маманының дербес көмегін 

ұсыну ережесін қабылдаудың арқасында дамып отыр. Бұл, сөзсіз, мүмкіндіктері 

шектеулі  адамдардың  қоғамға  біріктірілуі  бойынша  үлкен  алға  жылжу  болды. 

Алайда қимыл тілі маманының уақыты шектеулі көмегі (жылына 30 сағат) есту 

қабілеті  бойынша  мүгедектердің  қоғамға  бірігу  мәселелерінің  тек  төменгі 

деңгейін шешіп бере алады. 

Қазақстан заңнамасында қаржылық несиелендіруді қолдануға мүгедектерге 

тікелей  тиым  салынбайды,  бірақ  осы  құқықты  жүзеге  асыру  барысында 

кедергілер туындайды. 

Банктік несие алу үшін ҚР азаматтарының зейнетақы қоры болуы керек, ал 

мерзімсіз  мүгедектікке  қатысты  бірінші  және  екінші  топ  мүгедектері  одан 

босатылған.  Осылайша,  мүгедектердің  осы  тобын  өз  құқықтарының 

мүмкіндігімен  қамтамасыз  ету  үшін  оларға  қаржылық  несие  өнімдерін 

пайдалану мүмкіндігін беру керек. 

Қазақстанның  құқықтық  шеңберінің  18  бапқа  («Қозғалу  және  азаматтық 

еркіндігі»)  сәйкестігін  талдауда  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  тұлғалар 

арасынан психикалық ауытқушылықтары бар мүгедектерге қозғалу еркіндігі мен 

тұрғылықты жерін таңдау еркіндігіне шек қойылуы мүмкін екенін көрсетті. Бұл 

шектеу 2011 жылдың 30 қыркүйегінен №664 ҚР Денсаулық сақтау министрінің 

бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдіктер мен азаматтығы 

жоқ тұлғалардың кіруіне тиым салатын аурулар тізімінен шығады. 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР кіруіне тиым салынатын 

аурулар  тобының  бірі  психикалық  ауытқулар  (ауру)  болып  табылады. 

Қазақстандық  заңнама  болашақта  мүгедектер  құқығы  туралы  БҰҰ 

Келісімшартымен сәйкестікке келуге мұқтаж болады. 

Кейбір психикалық аурулар мен ЖИТС үш санаттың ішінен мүгедектердің 

арнайы  әлеуметтік  қызмет  көрсетуге  (әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-

медициналық, 

әлеуметтік- 

психологиялық, 

әлеуметтік-педагогикалық, 

әлеуметтік-еңбек, 

әлеуметтік-мәдени, 

әлеуметтік-экономикалық 

және 

әлеуметтік-құқықтық)  жүгінуіне  медициналық  қарсы  көрсеткіштер  болады. 



Осылайша,  психикалық  ауытқулары  мен  ЖИТС  бар  мүгедектер  стационарлық, 

жартылай  стационарлық  және  үйге  қызмет  көрсету  түріндегі  медициналық- 

әлеуметтік  ұйымдармен  ұсынылатын  арнайы  әлеуметтік  көмектерді  ала 

алмайды.  Бұл  шектеулер  мүгедектер  құқығы  туралы  БҰҰ  Келісімшартымен 

сәйкес болуы үшін Қазақстанның сәйкес НҚА-сі қайта қарастырылуы қажет. 

 

 



 


38 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет