Әлеуметтік фрустрация-
адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдау-
шылығы, мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін
дәрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі, балалар мен ересектердің әлеуметтік
қорғаныссыздығынан абыржуы, уайымға салыну сияқты психологиялық
жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас -
бір адамнан екінші адамға не болмаса бір
топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас
- мимика, ым-ишара, пантомима (дене
қозғалысы, қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм -
адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға
негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын
қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын
қарастыратын ілім. Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы, ол адамның адами
қасиеттерін сақтап қалуға, тек жағымды, жақсы істерге бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |