Танымал тарихшы М.Қозыбаев осыған
қа тысты былай деп жазды:
«Патша Жəнібекке
тархандықтың бірінші дəрежесін, Тама Есетке
екін ші дəрежесін берді. Беріп қоймады, Есеттің іші
күйсін, екі батырдың арақатынасы шиеленісіп,
қазақ тайпаларының, жүздерінің арасындағы қа
рымқатынас бұзылсын деп есептеді»
[16, 83-б.].
Бір жағынан зерттеушінің тұжырымында шындық
бол ғанымен, екінші жағынан алып қарайтын бол-
сақ ең маңыздысы бұл құбылыста да зертттеу ны-
санымыз батырлардың алдыңғы орында жүруі. Бір
байқайтынымыз тархандық атақты ХVІІІ ғасырдың
соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде иеленген
батырлар осы лауазымды бекіткен Ресейге қарсы
азаттық көтерілістерді ұйымдастырушылар. Бұл тар-
хандық лауазымның түркі дәуірінде жоғары лауа-
зымдық дәрежені білдіргенімен, дәл қарастырып
отыр ған кезеңде тек батырдың баламасы ретінде ғана
қол данған деген қорытынды шығаруға итермелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |