Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев


Ғалым  пікіріне  сүйенсек,  теоретикалық  цивилиография



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата02.02.2022
өлшемі3,85 Mb.
#116949
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
annotation129503

Ғалым 

пікіріне  сүйенсек,  теоретикалық  цивилиография 

екі  негізгі  бөлімнен  тұрады:  1)  методологиялық 

цивилиография

, оның міндеті – кез келген өркениет 

тарихының ғылыми теориясын қанағаттандыра  ала -

тын  ережелерді  оқыту; 



2)  концептуальді  циви-

лиография

,  оның  мазмұнынан  тарихи  үдерістің  ло-

гикалық тепе-тең ғылыми теориялары құралады [1,7-

б.]. 


Біз қарастырып отырған Еуразиялық көшпелі 

өркениет  өзінің  даму  жолында  үш  сатыдан  өтті.

 

Осыған  орай 



номадология  көшпенділерді  «ежел-

гі», «классикалық» және «соңғы» деп үшке бөледі

«Ежелгі көшпенділерге» скифтер, сақтар, ғұндар мен 



еуразиялық  дала  тайпалары  жатса,  ал  әдетте  орта 

ғасыр  моңғолдары  мен  түркілерін  «классикалық» 

көшпенділер деп танимыз. Ал, қазақтар «соңғы» көш-

пенділер тобына жатады.

Адамзат  тарихындағы  көшпелі-отырықшы  өрке-

ниет ті  қалыптастырып,  оның  өркендеген  байтақ  ай-

мағы,  негізгі  орталығы  болған  Ұлы  Дала  аталған 

жер  шарының  Орталық-Азиялық  бөлігі  болса,  сол 

кездегі  осы  аймақтағы  елдердің  этникалық  құрамын 

негізінен  түрік  тектес  халықтар  құрады.  Сондықтан 

да  бұл  даланы  мәдени-этникалық  мағынада  Тұран, 

Түркістан  деп  атаған. 



Белгілі  түркітанушы  ғалым 

Ж.Әкім:

 

««Тұран»,  «Түркістан»,  «Қазақстан»  – 



түр кі  халықтарының,  оның  ішінде  қазақ  тарихы­

ның  əр  кезеңінде  оларды  біріктіру  үшін  пайда 

болған  концепция,  ұғым  немесе  идея.  Қазақтар 

түркі  халықтарының  құрамдас  бөлігі,  яғни,  біздер 

тұрандықтар  мен  түркілердің  тікелей  ұрпа­

ғымыз»,  – 

деп  тұжырымдайды  [2,38  б.].  Алайда, 

өр кениет  туралы  пікір  көп.  Батыстың,  сондай-ақ 

Ре сейдің  көшпелілер  тарихымен  айналысушы  ға-

лым дары: 

Крадин  Н.Н,  Марков  Г.Е.,  Хазанов

  түр-


кі  мемлекеттілігінің  сипатын  анықтағанда  оны  оты-

рықшы-егінші  халықтардың  мемлекетке  дейінгі 

сая си  жүйесі  болатын  тайпа  бірлестігі,  көсемдіктер 

дең гейіндегі  саяси  құрылымдар  болды  деп  көр-

сетуге  бейім  [3,  71-б.]. 

Ағылшын  философы  Ар-

нольд  Тойнби

  өзінің  «Постижение  истории»  атты 

өркениеттер тарихына арнаған еңбегінде көшпелілер 

қоғамы 


«кенже  қалған  қоғам»

,  дамымаған  өркениет 

дей келе, көшпелілер қоғамын 

«тарихы жоқ қоғам» 

деген тұжырым жасайды [4,181-18-6]. 



Ал Н.Аристов, 

Н.Гродеков, Г.Потанин

 сияқты Ресей зерттеушілері 

көшпелі  қоғамдағы  жоғары  мемлекеттік  билікті 

мем лекеттің  пайда  болуының  патриархалдық  тео-

риясымен  байланыстырды  [5].  Марксистер  детер-

минизмді (материалдық өндірістің анықтаушы рө лін) 

бірінші  орынға  қоя  отырып, 

«көшпелілердің  тап қа 

дейінгі  дамуы»

  концепциясын  жақтайды.  Бұл  тео-

рияның  өкілдері  күрделі  бірлестіктер  деңгейінде 

бол ған көшпелілер империясының орын алуын диа-



Document Outline

  • Страница 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет