Бағдары бойынша іс-әрекет
танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік,
техникалық, кәсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы
оқушылардың іс-әрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Іс-әрекет сипаты бойынша
белсенді (актив) және енжар (пассив) болуы
мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сәбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып көрінгенді
қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды,
төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын білдіруге
тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта және тәрбиенің ықпалы арқасында
белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көп
жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы қалай болса,
солай – енжар. Әлбетте, мұндай іс-әрекет адамды жоғары нәтижелерге жеткізбейді.
Дамудың тиімді болуы іс-әрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына
тәуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тәнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің
бәрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет.
Мұндай қызмет адамға қанағат ләззатын әкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне
айналады. Сондықтан да, іс-әрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол
әрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.
Іс-әрекет сияқты
Достарыңызбен бөлісу: