Мерзімді қадағалау
–
белгілі
уақыт аралығындағы жұмыстардың
қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында
жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау
–
тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң
өткізіледі.
Қорытынды қадағалау
–
оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін
қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін
қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау
–
тақырып, курс, бөлім өтіліп,
бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш
айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу
процесінің тиімділігін соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес
келеді.
Қадағалау әрқилы
формада
жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай
жұмыс жеке-дара, топтық және сыныптық болып бөлінеді.
Қадағалау барысында әрқилы әдістер де қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |