Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы
педагогикада ежелден
танымал
пәнге шомдыру
әдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов,
М.П.Щетинин және т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дәстүрлі сынып-сабақтық
жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сәйкес берілетін оқу мазмұны бөлім,
тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда
ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пәндерден алатын білім, ептілік,
дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен,
оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дәрістің екіншісінен
алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне
ұмытылады.
Пәндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене
алмайды. Бір пәннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп
етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен әр өткен сабақ өз
құндылықтарын жойып барады. Әр дәріс оқушы үшін – жаңа жүктеме,
мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй
ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сәйкес бала икемделіп, оқу іс-әрекеттерін
орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға
межеленіп, қатар өтілетін пәндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту
процесін
адам
қабылдауының
табиғи
психологиялық
ерекшеліктеріне
жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін
оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында
оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пәнмен ғана шұғылданып, толық шомуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |