–
163
–
Есеналиева Жанар
тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық
сипаты бар нысандарды салғастырады. Мұндай нысан
фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық
салаларында да болады. Осындай салғастыру қалай жүзеге
асады?
9. Структуралық әдіс көп жағдайда сипаттамалы әдіске
өте жақын. Бұл екі әдістің айырмашылығы: сипаттама әдістің
ерекше назар аударып, негізге алатыны - тілдік элементтер мен
категориялар, тілдік деңгейлер /қабаттар/, олардың жиынтығы
болса, структуралық әдістің ерекше мән беріп басшылыққа
алатыны – сол элементтер мен категориялар деңгейлерінің
арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар, олардың бір-
біріне тәуелділігі. Структуралистік мектептің идеялары қандай
және негізгі өкілдері кімдер?
10. Салыстырмалы-тарихи тәсілдің көмегімен жеке
тілдер мен тіл топтарының ғылыми тарихын жасауға қадам
жасалды. Сөйтіп, ғылыми тәсіл тіл білімінің жеке, дербес пән
ретінде дамуына жол ашып берді. Салыстырмалы-тарихи
әдістің негізгі өкілдерінің идеялары қандай?
11. Лингвистикалық типологияда оппозициялық талдау
әдісі де кеңінен қолданылады. «Оппозиция» сөзі латынның
«opposito» қарама-қарсы деген сөзінің негізінде пайда болған.
Лингвистикада оппозиция деп кез-келген минималды жұпты
айтады. Тілдердің құрылымын осы әдіспен қалай талдауға
болатынын дәлелде.
12. Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай
топтастыру - типологиялық классификация деп аталады.
Тілдерді бұлайша топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі
белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің қалай
құрылғандығы, белгілі бір тілдердегі грамматикалық тәсілдердің
қайсысы б а с ы м д ы қ ететіні. Өзің білетін тілдердің басым
белгілерін анықта.
13. Типологиялық талдаудың жеке әдісіне т а к с о н о
м и я (категоризация, жіктеме) жатады. Таксономия тілдік
материалды жіктеудің жалпы ұстанымдары мен ережелерінің
жиынтығы болса, жіктеме материалдарды топтарға
бөлу болып
табылады. Лингвистикалық типологияда таксономиялық
жіктемелерді сызба бойынша көрсет.