Аналитикалық тілдер
–
Сөйлемдегі сөздердің ешбір
өзгеріске түспей, грамматикалық мағыналар көбінесе аналитизм
тәсілі арқылы, яғни аналитикалық формалар, көмекші сөздер,
сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы жүзеге асатын
тілдер. Аналитикалық тілдерге ағылшын, француз, итальян, испан,
болгар, дат т.б. тілдер жатады.
Артикль –
белгілі және белгісіздік мағанасында жұмсалатын
көмекші грамматикалық элемент. Артикль типологиялық және
генетикалық жағынан әр түрлі тілдерде кездеседі.
Аффикс
-
өз алдына жеке қолданылмай, түбір сөздерге
қосылып, сол сөздің мәнін, мағынасын және функциясын өзгертетін
- грамматикалық форма. Сөздің алды-артында және ортасында
келуіне қарай: инфикс, префикс, суффикс болып бөлінеді. Қазақ
тіліндегі
қосымша
бұл терминнің эквиваленті бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |