–
170
–
Салғастырмалы тіл білімі
қолданылатын аффикстердің жалғану процесі. Әлем тілдерінде
аффиксацияның екі тенденциясы айқындалған: фузиялық және
жалғамалы. Әлем тілдерінің көпшілігі типологиялық тұрғыдан
аффиксация тәсілдерінің бірін қолдану мүмкіндіктеріне қарай -
суффикстену және префикстену болып бөлінеді. Мысалы, қазақ
тілінінің типологиялық ерекшелігіне орай, көбінесе, суффиксация
тәсілі қолданылады.
Әлем тілдері –
жалпы әрі кең ауқымды қолданыстағы
Халықаралық тілдер.
Билингв –
екі тілді меңгерген тұлға. Әр тілді меңгеру
дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Бинарды салыстыру –
қосарлы, екі компонентті салыстыру,
лингвистикалық типологияда екі тілді салыстыру немесе
салғастыру.
Вариант –
тілдік единицаны жүзеге асырудың (фонема,
морфема, сөз т.б.) сөйлеудегі ерекше түрі, модификациясы.
Варианттылық –
1.белгілі бір нормадан ауытқу, бір тілдік
құбылыстың бірнеше түрі. 2.тіл мен тілдік бірліктердің қолданылуы
мен сақталуын қамтамасыз ететін іргелі және универсал қасиеті.
Вибрант –
фонациялық ауаның өте қарқынды шығуында
пайда болатын, дірілдеп
шығатын дауыссыз дыбыс; мысалы, «р».
Вокализм –
тілдегі дауысты дыбыстар (дифтонгтарды қоса)
жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: