Дүние жүзі тілдері - әр түрлі деректерге қарағанда қазір
дүние жүзінде 3500-ден 5000-ға дейін тілдер бар. Тілдердің санын
дәл айту мүмкін емес, жер шарында «лингвистикалық ақтаңдақтар»
кездеседі, кейбір аймақтарда әлі де жаңа тілдер пайда болу процесі
жүріп жатыр.
Екінші тіл – көптілділік, қостілділік жағдайында тілдік
ортаның коммуникациясын (қатысын) толық қанағаттандыру
мақсатымен меңгерілетін қосымша тіл.
Жалпы тіл білімі – тілдің мәні мен құрылымын; тіл
элементтерінің өзара қатынасы мен жалпы
тіл жүйесін ; тілдің
даму себептері мен бағыттарын; тілдің адам қоғамындағы өмір
сүру формалары мен қолдану ерекшеліктерін т.б. зерттейді. Жалпы
тіл білімі жеке тіл біліміне қарама қарсы бола тұра онымен тығыз
байланысты.
Жеке тіл білімі – жалпы тіл біліміне қарама-қарсы жеке
тілдерді (Қазақ тілі - Қазақ тіл білімі, Орыс тілі – Орыс тіл білімі,
Герман тілдері –Германистика, Семит тілдері – Семитология т.б.)
зерттейтін ғылым.