Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет72/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

сөздің  құрамы
  болуы  немесе   
субьективті-обьективті 
қатынастардың  берілуі  болуы 
мүмкін  т.б.  Сондықтан  
лингвистер 
көпөлшемді 
(многомерная) 
типологиялық 
классификацияның  керектігін  алға  тартуда.  Біздің  ойымызша, 
тілдердің  көпөлшемді  классификациясының    негізінің    біріне 
антропонимдік жүйенің уәждемелік типін де  жатқызуға болады 
»/ З.Қ Ахметжанова /.
Тілдерді типологиялық жағынан салыстырғанда жоғарыда 
айтылған мәселелер септігін көп тигізеді. Ол бір топ  тілдерге тән 
ерекшеліктерді терең және толық түсінуге, кейбір тілдерге ғана 
тән  жеке  ерекшеліктерді  ашуға  көмектеседі.  Бұдан  тілдердің 
кешенді  (комплексная)  классификациясы    өрбиді.  Жалпы 
типологиядағы  типологиялық жіктемелердің негіздері ретінде 
таңдалып, іріктеліп алынған кез келген тілдік параметрді алуға 
болады. Солардың ішіндегі типолог ғалымдардың  ден қойып, 
ерекше тоқталатындары:
1.  Сөздің морфологиялық құрамы;
2.  Жай сөйлемнің аумағында ;
3.  Тілдік және логикалық категориялар класси фикациясы 
бойынша. т.б. 
Тілдерді  салыстыра  оқыту  -  әрі  шет  тілді  оқыту 
әдістемесінің лингвистикалық негізі, әрі аударманың теориялық 
және практикалық негізі болады.
Аударма теориясы өзіне теориялық негіз ретінде қызмет 
жасайтын  салғастырмалы  тіл  білімімен  тығыз  байланысты. 
Себебі салғастырмалы тіл білімі мен аударма теориясының қай-


– 
108 

Салғастырмалы тіл білімі
қайсысы болмасын бір сөздің мағынасын салғастыра зерттейді. 
Егер салғастырмалы типология екі және одан да көп тілдерге 
тән  белгілерді  зерттейтін  болса,  аудармадағы  аудармашының 
мақсаты  осы  тілдердегі  белгілерді  келесі  бір  тілге    дәлме-
дәл  жеткізу  болып  табылады.  Бұл  туралы  Л.С.Бархударов: 
«Теория  перевода  по  самой  своей  сущности  есть  иное,  как 
научно обоснованное сопоставление систем двух языков» - деп 
көрсетеді / Л.С.Бархударов/.
Әлем  тілдері  қандай  болмасын  классификациядағы 
өз  орны  бойынша  сараланады.  Классификация  тіл  білімінің 
қазіргі  жағдайын  көрсете  отырып,  тілдерді  салғастыра 
сипаттаудың дұрыс жолын таңдауға көмектеседі және тілдерді 
сипаттау  терминологияның  бірізді  болуына  септігін  тигізеді. 
Классификация дүние танымның ерекше тәсілі болып табылады.      
Классификацияның  түрі  көп:  табиғи  классификация 
(нақты  белгі  негізге  алынады),  жасанды  классификация 
(кездейсоқ белгі негізге алынады), дихоматиялық классификация 
(екі мүшелі классификация, дихоматиялық классификацияның 
негізінде  қарама  қарсы  мағыналы  ұғымдар  жіктеледі), 
тілдердің генеологиялық классификациясы (тілдердің туыстық 
жақындығы  негізге  алынады),  тілдердің  типологиялық 
(морфологиялық)  классификациясы,  ареалды  классификация, 
әлеуметтік-функционалды классификация. 
Классификациялардың  көптігіне  қарамастан  олардың 
бірде  біреуі  барлық  тілдерді  қамти  алмайды  және  тілдердің 
барлығы бұл классификациялардың талабын орындай алмайды.
Салыстырмалы типология қазіргі тіл білімінің қарқындап 
өсіп  келе  жатқан,  болашағы  жарқын  тармағының  бірі.  Соңғы 
жылдары типологиялық жұмыстардың зерттеу аймағы кеңейіп 
келеді.  Құрылымы  әртүрлі  тілдерді  салғастыру,  оларды 
әрбір  тілдік  деңгей  бойынша  сипаттау  -  типологияның  басты 
мақсатының  бірі.  Осындай  жалпы  салғастыру   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет