–
15
–
Есеналиева Жанар
тіл білімінің негізінде салыстырмалы әдіс жатыр. Яғни,
«салыстыру»
деген терминді екі немесе одан да көп тілдерді
салыстырғанда, мысалы қазақ және қырғыз тілін, қазақ және
қарақалпақ тіліне байланысты айтамыз. Салыстырмалы
лингвистиканың ғылымға дейінгі қайнар көзі күнделікті
өмірдегі байқаулар деп танылуы керек. Ұзақ уақыт бойы адамзат,
әсіресе аудармашылар, алғашқы тіл мұғалімдері, саяхатшылар,
көпес тер және т.б. «аңғал» мәдениетаралық коммуникатор-
лар әлемдегі тілдердің айырмашылықтары туралы өз
байқауларын жасап, қағазға жазып отырған. Салыстыру сыртқы
қоршаған ортаны танып, білудің бірден-бір логикалық әдісі.
Сондықтан да ол ғылымдардың барлығына тән. Фактілерді бір-
бірімен салыстыру тек ғылыми зерттеулерде ғана емес, әртүрлі
тілдерді үйрену, оқыту процестерінде де, салыстырмалы
сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы
салыстырылып отырған нысанның ерекшеліктері, басқаларға
ұқсастық және одан өзгешелік жақтары айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: