Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Универсалийлер лингвистикасы



Pdf көрінісі
бет10/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

3. Универсалийлер лингвистикасы
Универсалийлер  лингвистикасы  –  тілдердің  туыс,  туыс 
еместігіне  қарамастан  әлем  тілдерінің  барлығында  кездесетін 
лингвистикалық  құбылыстарды  (универсалийлерді)  анықтап, 
зерттейтін бағыт.   
Универсалийлердің әртүрлі  топтары бар:
1.  Универсалийлердің  бірінші  тобы  тілдерді  тілдік  емес 
дүниемен  салыстыру  негізінде  анықталады  (мысалы,  тілдерді 
басқа  белгілер  жүйесімен,  информация  беру  және  сақтаудың 
басқа  жүйелерімен  салыстыру).  Бұл  жерде  әңгіме,  әрине, 
семиотикалық типология туралы болып отыр.
Тілдерді  информацияның  басқа  жүйелерімен  салыс-
тырғанда  мынадай  жалпы  сипаттағы  универсалийлерді 
көруге  болады:  олардың  тілдегі  ара  салмағы  50%.  Мәселен, 
американдық лингвист Хоккет барлық табиғи тілдерге тән 16 
жалпы  сипаттағы  универсалийлерді  көрсеткен.  Ғалым  табиғи 
тіл  деп  (жазу  тілі,  жест  тілі,  дауылпаз  тілі,  ысқырық  тілі 
т.б.тілдерді  қоспайды)  тек  ауызша  қарым-қатынас  тілін,  яғни 
адамзат тілін ғана ұғады.
2.  Универсалийлердің  екінші  тобын  анықтау  жалпы  тіл 
теориясымен    ұштасып  жатады.  Себебі  екеуінің  де  мақсаты 
тілдердің  ең  алдымен  адамзат  әрекетінің  атрибуты  ретінде 
қызмет  ететіндігін  айқындау.  Типологияның  бұл  бағыты 
тілдердің  универсалды    ерекшеліктеріне  сүйенеді.  Мақсаты 
белгілі бір тілді жеке ерекшеліктерден жалпы ортақ мәселелерге 
қарай  сипаттау.  Тілдердің  әртүрлі  ерекшеліктерін  біріктіру 
және тілдерге ортақ универсалийлерді табу жалпы типологияға 
тән  бірден  бір  әдіс.  Лингвистикалық  типологияда  тілдік 
универсалийлерді  тек  тілдерді  бір-бірімен  салыстырғанда 
ғана    анықтауға  болады.  Олай  болса,  ол  универсалийлерді  
лингвистикалық универсалийлер 
деп атауға болады.
Лингвистикалық  универсалийлер  дегеніміз  -  тілдердің 
негізгі  сипатын  ашып  бере  алатын  көптеген  тілдерге  тән 
қасиеттер мен белгілер, әлемдегі әр- түрлі тілдердің барлығына 
ортақ тілдік ерекшеліктер. 


– 
19 

Есеналиева Жанар
Универсалийлердің  негізгі  типтері  -  фонологиялық, 
грамматикалық, семантикалық және символикалық типтер.
Фонологиялық  универсалийлер:  Әлемдегі  тілдердің 
бәрінде де дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. 
Барлық  тілдерде  дауыссыз  дыбыстар  жасалуына  байланысты 
сараланады т.б.
Грамматикалық  универсалийлер:  Тілдердің  барлығында 
сөз таптары бар. Жіктеу есімдігі үш жақта айтылады т.б.
Семантикалық 
универсалийлер: 
Семантикалық 
универсалийлер  ұғым  дамуының  заңдылықтарын    белгілей-
ді.  Мысалы,  барлық  тілдерде  соматикалық  ұғымдар  жансыз 
заттармен тіркесіп, басқа ұғым береді:  
иненің көзі,
 (ушко иглы), 
шәйнектің  аузы
  (носик  чайника)  т.б.  Тілдердегі  метафоралар 
дыбыстармен тікелей байланысты.
Тіл  білімі  тұрғысынан  алғанда  жалпы  адамзаттың 
ойлау  жүйесі  бірдей.  Сондықтан  олардың  жаратылыстық 
және  қоғамдық  құбылыстар  жөніндегі  танымдары  да  бірдей. 
Оларды тек ой формасы болып табылатын тіл ғана бір-бірінен 
өзгешелендіріп  тұрады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  тіл  біртүрлі 
мазмұнды  түрліше  формада  бейнелейді.  Басқаша  айтқанда, 
әлемдегі  барлық  тілдер  ортақ  мазмұнды  түрліше  формада 
сипаттайды.  Әйтсе  де,  ол  тілдердің  арасынан  құрылымы 
жағынан,  фонологиялық,  грамматикалық,  семантикалық 
универсалийлерді табуға болады. 
Универсалийлер синхронды (мысалы, кейбір сәйкестіктер 
тіл дамуының белгілі бір кезеңінде ғана болады) және  диахронды  
(тіл дамуындағы заңдылықтарды білдіретін сәйкестіктер) болып 
бөлінеді.  Олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Себебі  қандай 
да  болмасын  диахроникалық  процестердің  жиынтығы  тілдің 
синхронды  жағдайын  көрсетеді.  Өйткені  тілдің  синхрондық 
жағдайынан  тыс  ешқандай  диахроникалық  процестердің  де 
болуы  мүмкін емес.
Универсалийлер  абсалюттік,  статистикалық,  дедуктивті 
және индуктивті болып жіктеледі.
Абсалюттік    немесе  толық  сәйкестіктікте  ешқандай 


– 
20 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет