Конфликтология
- əлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мəнін,
табиғатын, зардаптарын зерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім.
Конформизм
– іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарын
икемделу, əсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу.
Конфронтация
- əлеуметтік-саяси жүйелердің, əскери одақтардың,
мемлекеттердің арасындағы немесе бір елдің ішіндегі əр түрлі саяси күштердің
қарама-қарсылығы.
Кооптация
- белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді
сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.
Коррупция
- 1) мемлекеттік жəне саяси қайраткерлерді, министрлерді,
парламент мүшелерін, шенеуніктерді жəне т.б. параға сатып алу; 2) лауазымды
адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қылмыстық жолмен
пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Көппартиялық
- мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси
партиялардың əр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып
басқару түрі. Оның жағымды жəне жағымсыз жақтары бар. Жағымды
жақтарына саяси мəселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге
мəжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бəсекеші партияны
жеңу үшін партияның ішінде керекті тəртіп орнатылады. Саяси күресте
кездейсоқ емес, шын мəнінде талантты адамдар шығып, басқарушы органдарға
ұсынылады. Жағымсыз жағы - өмірдегі көп мəселелерге өз партиясының
тұрғысынан ғана қарауы.
Достарыңызбен бөлісу: |