Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет63/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

Квитэссенция
- бір мəселенің ең бастысы, ең өзектісі, нағыз мазмұны.
Кворум
- құрылтайшы  органның  жұмысын  бастау  немесе  шешім
қабылдау  үшін  оған  қатысушылардың  қажетті  саны. Ондай  саны  жетіспей
қабылданған мəжіліс шешімі заңсыз болып саналады.
Квота
- рұқсат  етілген  бір  шараның  тиісті  бөлігі, мөлшері, үлесі.
Мысалы, сайлаушылардың  пропорционалдық  жүйесінде  округ  бойынша  бір
үміткерді  сайлау  үшін  қажетті  дауыс. Ондай  үлес  есебі  көшіп  келушілерге,
шетел тауарларын кіргізуге жəне т.с.с. қойылуы мүмкін.
Келісім
- мəжіліске  қатысушылардың  немесе  саясаттың  басқа
субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.


112
Клина
 – өздерінің  жеке  бастарының  мақсаттарына  жетуді, барынша
баюды  көздеген  билік  басындағы  сыбайлас  адамдар  тобы. Олар  осыған  орай
шешімдер  қабылдаттырып, қоғамның  барлық  саяси  өміріне  нұқсан  келтіруі
мүмкін.
Коалиция
- 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған
одағы; 2) мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыру  үшін  немесе  бірлесіп  іс-əрекет
жасау  мақсатымен  партиялардың  я  қоғам  қайраткерлерінің  бірігуі, келісімі.
Коммунистік  партиялар - К. Маркстің  ілімін  басшылыққа  алатын  партиялар.
Жеке  меншіксіз, тапсыз  қоғам  құруға  тырысады. Мысалы, Қытай, Солтүстік
Корея, Куба, бұрыңғы  КСРО. Батыс  елдерінде  мұндай  партиялардың
айтарлықтай салмағы жоқ.
Конвергенция
- ғылыми-техникалық  революцияның  шарықтап,
дамуының  нəтижесінде  капиталистік  жəне  социалистік  жүйелер  түбінде  осы
ғасырдың 50-60 жылдарында  Батыстың  Р. Арон, Дж. Гелбрейт, У. Раслоу
сияқты белгілі əлеуметтанушылары салды.
Конгресс
- 1) съезд. Көбінесе  халықаралық  сипатта  болады. Мысалы,
бейбітшілік күштерінің Дүниежүзілік конгресі. 2) заң шығарушы органның аты.
Мысалы, АҚШ-та  жəне  т.б. Латын  Америкасы  елдерінде; 3) кейбір  елдердегі
қоғамдық-саяси ұйымдар.
Консерватизм
- 1) тарихи  қалыптасқан  саяси  жəне  қоғамдық  өмірді
өзгеріссіз сақтауға тырысқан əлеуметтік- саяси көзқарастар, теориялық жүйесі;
2) консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет