Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет71/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

Мемлекеттік  билік
- барлық  адамдарға  міндетті  заңдарды  шығаруға
жеке-дара  құқығы  бар, заңдар  мен  ұйымдарды  сақтау  үшін  ерекше  күштеу
аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Меморандум
- дипломатиялық  хат  жазысудың  бір  түрі. Ол  жүргізілетін
келіссөз мəселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
Ментолитет
- 1) ойдың  бағыты, жүйесі, ақыл  шабыты, құрылымы; 2)
адамның, топтың, таптың, халықтың  дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке
қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.
Метрополия
- қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм
- жаппай  қарулану, соғысқа  əзірлену, ішкі  жəне  сыртқы
мəселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация
- қазіргі, жаңа  жағдайға  байланысты  жаңару, өзгеру,
икемдеу. Саясатта саяси жүйенің, əдіс тəсілдердің,бағдарлама, тұжырымдардың
өзгеруі. Заман  талабына  сай  жаңару  қоғамның  жылдам  дамуына  мүмкіндік
беріп, тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді. Ондай  өзгерістер  жасалмаса, саяси
тоқырауға ұшырауға болады.
Монархия
- мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің
қолында болып, ол əкеден  балаға  мұра  ретінде қалатын  түрі. Оны  хан, патша,
император, король, сұлтан, шах  жəне  т.б. деп  атауы  мүмкін. Монархия  өз
кезегінде  абсолюттік  жəне  конституциялық  болып  екіге  бөлінеді. Абсолюттік
монархия  деп  жоғарғы  өкімет  билігі  бүтіндей, тұтас, формальды  түрде  де
шектелместен  бір  адамның  қолында  тұрған  қоғамдық  құрылысты  айтады.
Конституциялық  монархияға  монархтың  билігі  заң  шығаратын  билік
парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония,
Иордания, Ұлыбритания жəне т.б. жатады.
Мораторий
- ішкі  жəне  сыртқы  міндеттемелерді  орындау  уақытша
тоқтату, үзіліс жариялау.
Муниципалитет
- 1) кейбір  елдерде  өзін-өзі  басқаратын  аумақтық
қоғамдастықтың, жергілікті  өзін-өзі  басқару  органы. Оның  өз  меншігінің  заң
шығаратын, салық салатын жəне т.б. құқықтары бар; 2) Кей елдерде кездесетін
төменгі əкімшілік-аумақтық бөлік; 3) Муниципалитеттің орналасқан үйі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет