М
Мажоритарлық жүйе
- сайлау нəтижесінде үміткерлердің округ
бойынша көпшілік дауыс беруі.
Макиавеллизм
- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай
түрі болмасын пайдалану тəсілі. Оның негізін салған Италиянның
саясаттанушысы Н. Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін
сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да
кеңес береді.
115
Маманданған көпшілік
- қоғамдық саяси өмірдің ең маңызды
мəселелері жөнінде сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс
беруінің негізінде шешім қабылдау тəртібі.
Мандат
- 1. біреудің уəкілдігін куəландыратын құжат; 2. қайсыбір жерде,
елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.
Манифест
- 1.маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария
ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі. 2. Саяси партия, қоғамдық ұйымдардың
жəне т.б. оң көзқарастарын, бағдарламаларын жəне шешімдерін баяндаған
үндеуі.
Манифестация
- бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін
не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.
Маргиналдар
- белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі
əлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы,
ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен
қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мəдениетін игеріп, сіңбеген.
Осылайша əредік жағдайға душар болады. Мұндайларды маргиналдар дейді.
Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ, жұмыс орны да анықталмаған,
белсенді саяси өмірге тартылмаған. Сондықтан олар қылмыс не басқа
арандатушылық əрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Маргиналдарға этникааралық,
нəсіларалық некеге түскендер де жатады. Мысалы: метистер.
Марксизм
- өзара байланысты философия, саяси экономика, ғылыми
коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нəтижесінде
пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен тұратын коммунистік қоғамды
орнатуды мақсат етті. Қоғамдық-экономикалық формация теориясын ашты. Ол
бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күші өткен өндірістік қатынастардың
арасында жанжал шығып, əлеуметтік революцияға əкелді. Нəтижесінде бір
формация екіншімен ауысады. Сонымен адамзат дамуының ең биік сатысы деп
саналады. Дегенмен, марксизм əлеуметтік жəне саяси процестерге жеңіл-желпі,
тұрпайы қарады, таптық мақсатқа жетуге қан төгісті тап күресіне басымдық
берді, қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды.
Мəміле
- дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп,
ымыраға келуі.
Мафия
- күш жұмсау, қорқыту, бопсалау, сатып алу, өлтіру сияқты
заңсыз амал-əрекеттер арқылы өз мақсатарына жетуі үшін ұйымдасқан құпия
қылмыстық топ, сыбайластар.
Мəртебе
- азаматтың, мемлекеттік органның халықаралық ұйымның жəне
т.с.с. құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.
Мемлекет
– белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың əлеуметтік топтар,
таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын,
бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше
өкімен аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге
құқылы. Оның заңдарын сол ертедегі адамдардың бəрі сыйлайды жəне
орындауға тиіс. Егер орындалмаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.
116
Достарыңызбен бөлісу: |