бүйректен сирақ шығару – болмашы жерден шатақ
шығару деген мағынада айтылатын фразеологизм. Осы тіркестің түсінігін
9 сынып оқушылары былай жазады:
бір адамды соғып тастау; істі талаптанып, тырысып істеу; бір адамға ренжу; төбелес; милицияға түскен кезде біреуді соғып тастау; сабақты бұзу; өшін алу; бүйректен ұрыс шығару; бəрін тез істеу; бақылау; аурудан жазылу; жаудан құтылу т.б. Дəл мағынасын оқушылардың 12%, тұспалдап айтқандар- 21%, ал
67% мүлде түсінбейтіндер.
Əліптің артын бағу – істің, оқиғаның соңын күту мағынасындағы
фразеологизмді 10 сынып оқушылары:
біреуді аңду; жақсы бағу; қарау; адамның сөзіне қарсы шығу; біреудің артынан жүру; күтіп, бағып-қағу; артынан өсектеу; соңынан жүру; білімді адамның жолын қуу; көп кітап оқып, біліммен айналысу; жұмыстың аяқталуы; оқуға көңіл бөлу т.б.
деп түсінеді. 97% дұрыс жауап жазбаған.