Зар илеу, еңіреу – парсы тілінде
зар сөзі жылау деген мағынада. Сонда
қазақ тілінде бұл фразеологизм плеонастық құбылыспен жылау + жылау
деген мағынада.
Тауаны қайту – тауы шағылу, сағы сыну, беті қайту, үміті үзілу деген
мағыналас қатарлары бар.
Тəван парсыша күш қуат деген мағынада.
ü
Кірме сөзбен байланысты бір құбылыс – калька . Француз тілінен
шыққан бұл сөздің қазақша дəл мағынасы – көшірме, еліктеу деген сөз.
Калька дегеніміз – бөтен жұрт сөзінің моделін морфемалап, басқа бір
тілдің үлгісіне салынып жасалған сөздер мен тіркестер… Əдетте, каль-
каларды лексикалық (сөз жасаушы), семантикалық, фразеологиялық,
синтаксистік деп төртке бөледі. (Қараңыз: Ə.Хасенов. Тіл білімі. Алма-
ты: «Санат», 1996.109) қазігі қазақ тілінде кальканың 6 түрі бар. Олар:
сөзжасамдық, сөз тіркесі ретіндегі синтаксистік, сөйлем ретіндегі синтак-
систік, фразеологиялық, троптық, семантикалық, жартылай семантикалық
деген калькалар. Автордың осы аттас еңбегінде фразеологиялық каль-
калар жан-жақты талданған. (Қараңыз: Фразеологиялық калькалар. Ал-
маты, 2005)
Фразеологизмдерді кең мағынада түсінсек, онда тілдегі барлық тұрақты
тіркес түрлері идиомдар, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тіз-
бектер мен қоса, паремиологиялық қор, сондай-ақ терминдік тіркестер,
бір сөзбен айтқанда тұрақтылық жəне тұтастық формаларын сақтайтын
тіркестер тобы бар. Бұлардың ішінде калькаланған тұрақты тіркестер
тобы да қазақ фразеологиясының қорына енеді.
Мысалы, қазақ тіліндегі
ша ра қолдану; принять меры орысшаға
арғы
тілдік дерек бойынша француз тіліндегі
frendre les mesures деген тіркес
түрінде сөзбе сөз аудару, калька арқылы енсе,
қырғи-қабақ соғыс – хо- лодная война ағылшын тілінен
cold war деген тіркестен орыс тіліне сөзбе
сөз аударылған. Ал қазақ тілінде семантикалық сөзжасам үлгісі бойын-
ша жасалған. Сол сияқты
қайталау – оқу анасы; повторение – мать учения латын тіліндегі
repetіtіo est mater studіorum деген тіркестерден
130
аударылған
. Екі жүзді Янус, Авгиев атқорасы, Ахиллес өкшесі деген
тұрақты тіркестер орыс тіліне грек мифологиясынан енген фразеоло-
гизмдер қазақ тілінде де қолданыста бар.
ü