бір құрылымды антонимдер. Ал антоним фразеологизмдер лексикалық құрылымы мен синтаксистік
құрылысы жағынан ерекшеленіп тұрса, онда олар
əр құрылымды. Мысалы:
Ауылы аралас, қойы қоралас болу ↔ ит пен мысықтай болу Ит арқасы қиянда ↔ таяқ тастам жерде Əмпей-жəмпей болу ↔ жүз жыртысу Ит жеместі жесісу ↔ ауыз жаласу Фразеологиялық антонимдер көбінесе етістікті фразеологизмдер
құрамында кездеседі.
Етістіктердің қарама-қарсы мəнде кездесуінен мысалы,
жанды – сөнді, түсті – көтерілді, кеңіді – тарылды т.б. сияқты сөздерден
эквиполентті антонимдер жасалады.
Шырағы жану ↔ Шырағы сөну Еңсесі түсу ↔ Еңсесі көтерілу Пейілі кеңіу ↔ Пейілі тарылу Кейде қарама-қарсылық ұғымдарды əр түрлі фразеологиялық
мағыналарды салыстыру арқылы байқауға болады. Мысалы, компонет-
тер жеке тұрып қарма-қарсы мəнде айтылмай-ақ, /басына
ақ күн туу ↔ қара күн туу дегендегі
ақ – қара сияқты/ қарсы мəндегі ұғымды беретін
тіркестер бар.
Мысалы:
Үлде мен бүлдеге орану ↔ үрерге иті жоқ, сығарға биті жоқ, Аспан айналып жерге түскендей ↔ сақылдаған сары аяз.