206
сөйлеу əрекеттерін жанды сөйлеу тіліне негізделген мəтінсіз, көркем
əдебиетсіз, түрлі стильдегі ақпараттарсыз зерттеу мүмкін емес.
Əлемнің фразеологиялық бейнесінде ақиқат болмыстың тек қана ра-
ционалды ақпараттар ғана емес, эмоционалдыққа ие ақпараттар да бола-
ды. Бұлай болуы заңды да. Фразеологизмдерде бағалауыштық сипат ба-
сым. Фразеологизмдер құбылыстар мен заттардың əрекеті мен жағдайын
ғана емес халық рухын, менталитетін, əлемді танудағы тарихи-мəдени
тəжірибелерін бейнелі түрде сипаттайды. Бұл əлемнің фразеологиялық
бейнесінің тілдік жүйедегі лексикалық, грамматикалық компоненттерге
қарағанда ерекшелігі.
Əлемнің фразеологиялық бейнесі əр тілде əр түрлі үзіктермен си-
патталады. Тілдік көріністегі дүниенің кез келген құбылысы, əрекеті
фразеологиялық тіркестерге айнала бермейді.
Жалпы адамзаттық символдармен қатар, əлемді танудың
идиоэтникалық айырмашылықтарын көрсететін əр халықтың ұлттық
ерекшелікке ие символдары кездеседі. Халық танымында лингвомəдени
символдар іріктеле келе, ақпараттық мəнге ие болады. Бұлар этномəдени
бірліктегі маңызды жағдаяттарда халық психологиясымен, оның тұрмыс
қалпымен, мəдениетімен, көпғасырлық дəстүрлерімен орайлас келіп
отырады.
Əр халықтың əлеуметтік тұрмыс тіршілігі мен өмір сүру дағдылары
жəне жеке индивидтердің бүкіл болмысы тілде көрініс табады. Қоғамдық
білімдердің ғылыми парадигмалары ортаны танып білудегі адамның іс
əрекетін ең басты орынға қоюы тілді зерттеудің антропоцентрлік, адамдық
факторды əлемнің тілдегі көрінісіне қатысы арқылы талдау жүзеге асы-
рылады. Демек фразеологизмдердің тақырыптық-семантикалық топтары
тек адамдардың іс əрекеттеріне байланысты жүйеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: