Қазақ тіліндегі соматизмдердің фразеологизм жасаудағы қызметі Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын тірек
сөздердің ішінде ең көбі адамның дене мүшелерінің атаулары – сома-
тизмдер. Бұл тек қазақ тілінде ғана емес, жалпы тіл-тілде кездесетін
ортақ ерекшелік. Демек адамдар өзінің іс-əрекетінде неғұрлым жете та-
нып білген заттар мен құбылыстардың қасиетін ұзақ уақыт бойы бақылай
жүріп, солардың ерекшеліктерінен жинақтаған өмірлік тəжірибелеріне
сүйеніп түрлі қорытындылар жасау дағдысын меңгереді. Осыдан пай-
да болған, салыстырулар, ұқсата отырып жаңа ұғым туғызу, өзі білетін
ежелгі атауға тағы да басқа мағына үстеу, оны тілдік қатысым əрекетінде
ауыспалы мағынада жеткізу сияқты қатынас құралының қызметіне
қосымша бейнелілік туғызады.
Бұл ретте адамдардың өз-болмыс табиғи жаратылысы дене мүшелері
атауларының фразеологизм жасаудағы ұйытқы немесе тірек сөз
болуындағы қызметі ерекше. Бұл, əрине, кездейсоқ емес. Өйткені адам
жансызға жан бітіретін саналы тіршілік иесі ретінде алдымен өзіне та-
ныс, дене мүшелерінің əбден үйреншікті дағдылы құбылысқа айналған
қызметі мен қасиеттері ауыспалы қосымша мағынаға ие болады. Олардың
ішінде фразеологизмдер жасауда
көз, жүрек, қол, бас, ауыз, бет, қан, іш, тіл лексемалары басты орында. Бұлардың барлығы көзге көрінетін
сыртқы бөлшектер. Ал көзге көрінбейтін ішкі ағзалар да фразеологизм
жасауға қабілетті. Жалпы соматикалық процестердің /дене мүшелерінің
жай-күйі, динамикалық сипаты т.б./ барлығы тірек сөз бола бермейді.
Қазақ тілінің он томдық түсіндірмелі сөздігінде бұлардың əрқайсысы
Ə.Болғанбаевтың есебімен жүзден бес жүзге дейін фразеологизмдерді
жасауға ұйытқы болған. Жəне мынадай қызық деректерді келтіреді:
208
&
Са
ны жағынан болсын, фразеологизмдердің байлығы жағынан
да анатомиялық атаулардың ішіндегі ең байы –