Тірек сөз – төрт түлік
мал атаулары жəне үй хайуандары
Қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен мəдениеті төрт түлік, мал
шаруашылығына қарай қалыптасқан.
Ішсе тамақ, кисе киім болған төрт
түліктің кез келген ұлттың күн көрісіндегі алатын орны ерекше. Ал оның
тұрақты тіркестер жасаудағы белсенділігі, əсіресе, қазақ тіліндегі фразе-
ологизмдерден анық көрінеді.
Қазақ фразеологизмдерінің қоры ұлттың
рухани құндылығы ретінде ерекшеленеді.
Төрт түлік атаулары – қой, жылқы, сиыр, түйенің фразеологиялық
деректер арасында ең жиі əрі өнімді жұмсалатыны – қой малы. Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігінде (1977) қозы сөзі ұйытқы болған 8
тіркес, қой сөзімен 25 фразеологиялық тіркес келтірілген.
ҚОЙ малы
ірі қарадай емес, көптігімен, жұмсайтын қажеттілігіне
ыңғайлығымен бағаланған.
Асау тайдай
дейтін сияқты
асау қойдай
де-
ген тіркес жоқ. Қайда айдаса жүре беретін жуастығы мен момындығы
адамның іс-əрекеті мен мінез құлқын сипаттауға негіз болған. Мыса-
лы:
жуастығы қойдай
қойдан қоңыр
жылқыдан торы, қойдай қоңыр
қой мінез қой аузынан шөп алмас
қой үстіне бозторғай жұмыртақлаған кез
сияқты бейнеліліктің иесі. «Тұсақ қой түстен кейін маңырайды» деген
мақалда да момындықтың сипаты бар.
Қазақ тіліндегі мақал-мəтелдер, фразеологизмдер жылқыға қатысты
атаулардың барлығын жан-жақты қамтиды Ең көбі жиі қолданыстағы
АТ, ЖЫЛҚЫ лексемаларына қатысты тұрақты тіркестер тобы. Түрлеріне
байланысты айтылатын тіркестердің мағыналық, тақырыптық тобы əр
алуан.
Қазақ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: |